Мәдина Сәдуақасова Сыр елінің құрметті азаматы атанды - на woman.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на woman.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қызылорда қаласы

Эстрада әншісі, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері Мәдина Сәдуақасова Қызылорданың құрметті азаматы атанды. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында хабарлады.

Биыл Қызылорда қаласына 200 жыл. Осы тұста қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әншіге мерейтойлық медальды табыс етті.

"Сыр елінің халқы тағы да өз ерке қыздарын биікке көтеріп, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Қызылорда қаласының "Құрметті азаматы " атағымен салтанатты түрде марапаттады. Туып өскен жеріңде осындай құрметке, сыйға бөленген бақыттың бақыты ғой шіркін!!!" - деп жазды Мәдина Сәдуақасова.

0 Пікір Кіру