Шашты тез әрі қалың етіп өсіруге арналған 10 кеңес - на woman.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на woman.bugin.kz Қаракөз Амантай

Шаш сау және әдемі болу үшін осы маңызды ережелерді сақтау керек...

Шаш күтімі

1. Шаштың түріне қарай сусабын қолданыңыз

Көп қыздар сусабын таңдауда қателік жасайды. Мәселен, шашыңыз майлы не құрғақ болса, қаптамадағы таңбалауға қарап шашыңызға сәйкесін таңдағаныңыз дұрыс. Бұл шашыңызға зиян келтіруден сақтайды.

Майлы шашқа арналған сусабын құраманда өсімдік сығындылары, витаминдер, мырыш болуы мүмкін.

Егер құрғақ шашқа мұндай сусабынды қолдансаңыз, олар бас терісін қатты құрғатып қызартады және тітіркенуді тудырады, сонымен қатар шашты сынғыш етеді.

Құрғақ шаш үшін арнайы суасабындар қоректік, ылғалдандыратын және ылғал ұстайтын компоненттерден тұрады. Олар майлар, пантенол, витаминдер.

2. Егер шашыңызды жиі боясаңыз, боялған шашқа арналған сусабын пайдаланыңыз

Бояу процесі шаштың түсуіне әсер етеді. Бұл жағдайда құрамында полимерлер, протеиндер, шашты орайтын, қабыршақтарды тегістейтін, сукүннің зиянды әсерінен қорғайтын күн қорғанышы бар. сусабын-ұзақ уақыт бойы түс сақтауға және шаштың түсуін азайтады.

Мамандар бояғаннан кейінгі екі апта ішінде арнайы құралдарды пайдалануды ұсынады.

3. Бас жуғаннан кейін бальзам қолданыңыз

Бальзам шашты тегіс етіп, тарау процесін жеңілдетеді.

4. Шаштың түбіне бальзам, маска және май жағуға болмайды

Бұл құралдар белсенді орта болып табылады. Шаш түбіне жағылған бальзам, маска, май бас терісінің тыныс алуын бұзады. Соның салдарынан шашты сынғыш етеді. Бұларды тек "шаштың ұшына және ұзындығына ғана жағыңыз".

5. Температуралық режимді сақтаңыз

Егер сіз шашыңызды ыстық немесе өте жылы сумен жумаңыз. Мұндай температуралық режим қорғаныш липид қабатын жояды және майлы шаш терісінде май бездерінің жұмысын қоздырады. Тиісінше, шаш тез бұзылады. Құрғақ шаш терісі ыстық судан тітіркендіреді.

Су процедуралары үшін температура – 36-37 градус болуы қажет. Арнайы құралдарды пайдаланғаннан кейін басыңызды салқын сумен шайыңыз.

6. Шашыңызды жууға арналған кесте құрыңыз

Жиі бас жуу шашты майлы етеді, сондықтан аптасына 1-2 рет жусаңыз жеткілікті.

Мерекелік кештерде шашыңызға себілген спрейлер зиян келтіретіндіктен, нақты ережелерді ұстанбай жуу керек. Себебі, ол бас терісіндегі оттегі мен қанның қалыпты айналуына кедергі жасап, тесіктерді бітейді. Ал бұл шаштың бұзылуына әкеледі.

7. Дымқыл шашты тарамаңыз және сүлгімен үйкелемеңіз

Шашыңызды жуғаннан кейін оны бірден тарамыңыз. Бұл арқылы шашыңыз тез сынады және оның өсуіне кедергі келтіреді.

Көп адамдар душтан кейін бастарына сүлгіден жасалған тюрбанды тағады.  Бұл да жағымсыз процедура. Себебі ол қан айналымын және тері тыныс алуын бұзады және шаштың сынуына ықпал етуі мүмкін.

8. Балаларға арналған сусабынды пайдаланбаңыз

Ересек адамның бас терісі баланың бас терісінен ерекшеленеді, сонымен қатар балаларға арналған сусабын құрамындағы заттар ересек адамның шашын жууға көмектеспейді.

9. Басыңызға массаж жасауды ұмытпаңыз

Душ қабылдағаннан кейін күніне бір рет жарты сағат бастың массажын жасайтын болсаңыз, шашыңызды қалың және сау ете аласыз. Бұл процесс бас терісіндегі қан айналымын тездетеді, шаштың өсуін күшейтеді. Шашты күніне 5 рет тараңыз. Бұл басқа арналған қарапайым массаж.

10. Дұрыс тамақтаныңыз

Шаш әдемі және сау болуы үшін тамақтану өнімдеріне де назар аудару керек. Мамандар мынаны мәзірге қосуды ұсынады:

Лосось. Бұл өнім ақуыз және D витаминімен байытылған. Құрамында шашқа қажетті омега-3 май қышқылдары бар. Егер сіз лососьті ұнатпасаңыз, онда бұл компоненттерді майшабақ, сардин, форель, скумбрия, авокадо, асқабақ өнімдерінен табасыз.

Жаңғақ. Омега-3 май қышқылымен бай. Бұл өнім күн сәулесінің бұзылуынан тері жасушаларын қорғайтын биотин мен Е витаминінен тұрады. Сонымен қатар құрамында шаштың табиғи түсін сақтауға көмектесетін минералды-мыс бар. Олар шашқа жылтыр реңк береді.

Устрица. Құрамында мырыш және ақуыз бар. Егер сіз устрицаны ұнатпасаңыз, олардың орнына сиыр еті немесе жұмыртқаны қабылдауға болады.

Тәтті картоп. Тәтті картоп ағзада А витамині мен бета-каротин антиоксидантының тамаша көзі болып табылады. Сонымен бірге, бета-каротинге-сәбіз, қауын, манго, асқабақ, өрік жатады.

Жұмыртқа- ақуыз, мырыш, селен, күкірт және темірдің көзі. Бұл шаштың қайратты болуына көмектеседі.

0 Пікір Кіру