Макияжды тартымсыз әрі арзан көрсететін 10 қателік - на woman.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на woman.bugin.kz Қаракөз Амантай

Сәтсіз жасалған макияждың құрбаны болмаңыз!

Макияж нәзікжандылардың бет-әлпетін толығымен өзгерте алады. Бұл ретте көп қыздар тән сұлулығына басымдық беремін деп қателік жасап жатады. Дегенмен косметиканы да ақылмен қолданған жөн. Бүгін сіздерге adme.ru парақшасынан алынған мақаланың қазақша нұсқасын ұсынуды жөн көрдік.

1. Бетке нашар жағылған контур

Контур жағарда үлкен шөтке пайдаланбағаныңыз жөн. Мұндай шөткемен жағылған контур сіздің табиғи сұлулығыңызды жасырып, түріңізді шаршаңқы көрсетеді. Контурлау іс жүзінде көрінбейтіндей болуы шарт, бұл кезде сіз бетіңіздегі сызықтарды дәлдеп жаққаныңыз дұрыс.

2. Тональді кремнің дұрыс таңдалмауы

Бет терісіне сәйкес таңдалмаған тоналды крем беттегі тесіктерді және басқа да кемшіліктерді көрсетеді. Мұның шешімі — базаны пайдалану және тональді кремді дұрыс таңдау.

Жеңіл крем-флюидті беті таза қыздар қолданған дұрыс. Бетке жағатын опа-далапты  (пудра) аздап құрғақ немесе сәл майлы теріге пайдалану қажет. Бет терісі нашар болған жағдайда, бұған опа-далап көмектеспейді. Майсыз тональды кремді (қаптамада oil — free жазуы бар) терісі майлы қыздарға, ал майы бар кремді — құрғақ тері иелері таңдаған жөн.

3. Скульптура құралдарының орнына Bronzer пайдалану

Скульптурация құралының орнына жағылған қызыл-қоңыр бронзер, бетті табиғи емес жылтыр етеді. Бетке күңгірт реңкті пайдалану керек.

4. Қызғылт тень

Қызғылт тень-қауіпті таңдау. Өзіңізге жарасымсыз түсті таңдау көзіңіздің әдемілігін жасырап қалады. Ұмытпаңыз, көз-адамның айнасы.

5. Ашық түсті ерін

Нюд стиліндегі далап ұнаса, жұмсақ шабдалы немесе қызғылт реңкті таңдау керек. Кейбір визажистер нюд стилін көбінесе антитренд ретінде есептейді.

6. Көк түсті тень

Көк түсті тень көпшілікке жарасып кетпейді. Бұл түс көзді кішірейтіп көрсетеді. Егер осы түсті қолданғыңыз келсе, қосымша пигменттерді араластырып жаққаныңыз дұрыс.  

7. Контур орнына румян пайдалану

Мұндай макияж сіздің табиғи сұлулығыңызды жасырып, дөрекі көрстеді.

8. Түрлі түсті тушь

Түрлі түсті тушь кезінде сәнде болды, бірақ ол уақыт өтті. Мұндай тушьті жас қыздар кешкі отырыстарға ғана пайдаланса болады. Ал үлкен жастағы әйелдер бұл түстерден аулақ болғаны жөн. Егер сіз түрлі түсті тушьті жағамын деп шешсеңіз, қоңыр түсті таңдаңыз. Ол табиғи көрінеді әрі кез келген түске жарасымды болады.

9. Түбі боялмаған кірпік

Түбі боялмаған кірпік көзді кішірейтіп әрі қысқа көрсетеді. Тартымдылық жоғалып, көз шаршаңқы көрінеді.

10. Қастың астындағы жабық түсті тень

Қастың түбіндегі жабық түсті тень көзді тартымсыз көрсетеді. Көз әдемі болуы үшін қас астына ашық түсті пайдаланған дұрыс.

0 Пікір Кіру