Марғұлан Ақан

Қазақтың қарапайым қызы әлем төрінде

Ақтау қаласының 6-сынып оқушысы Орынгүл Арыстан менталдық арифметикадан әлемдік рекорд орнатқан команданың құрамында болған,-деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

 

Орынгүл Ресейде өтіп жатқан Еуразиялық әйелдер форумында 150 дарынды оқушылармен бірге 30 мың есепті 26 минут 26 секнудта шығарып, әлемдік рекордты орнатқан.

 

Ең қызығы Орынгүлдің мектептегі лақап аты «калькулятор-қыз». Мектеп қабырғасында жүріп бұл білімнің соңына түскен қазақтың қарапайым қызы күніне есеп шығару үшін арнайы 2 сағатын бөлетінін де айтып өтті.


0 Пікір Кіру