«Dior» брендінің музасы қазақ қызы болған  - на woman.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на woman.bugin.kz Марғұлан Ақан

Сіз білесіз бе?

Әлемдік брендке айналған  "Dior" сән үйін білмейтін адам кем шығар. Соның негізін қалаушы Кристиан Диордың музалары кімге болса да қызық, көпшілік Марлен Дитрих пен Митцу Брикар жайында айтатыны шүбәсіз. Соңғы кездері, Диордың өзі "сәттілік талисманы" деп атаған мәшүріптік перизат жайында әңгімелер де желдей есті. Жуырда бұл арудың, өзіміздің қазақ қызы Алла Жуанхалқызы Ильчунтегі екені белгілі болды. 

Алланың отбасысы туралы дерек өте аз сақталған. Кейбір дереккөздерге сүйенсек, әкесі Жуанхал Ильчун теміржол саласында инженер болған, Қазақстанда дүниеге келген, ұлты қазақ. Алла осы бір беймәлім әкесінің, ауқатты болуының арқасында да лайықты білім ала алған дейді. Ақиқаты әкесінің Түрксіб құрылысына қатысқаны, революция қарсаңында ол Харвин қаласында болғаны, бұл қаладан Алланың анасы Татьянаны кездестіріп, отау құрғандығы.

Харвин әсілінде Қытайдың шығыс шекарасында, станция ретінде құрылған қала еді. Біресе Кеңес Одағы, біресе Қытай мен Жапон елдері де өз иеліктеріне қосқысы келді. Нәтижесінде, бір елдің меншігінен екіншісіне оңай өтіп отырды. Әрине, бұл Харвин тұрғындарына тыныш өмір сыйламады. Жайлы өмірді аңсаған Ильчундер отбасы Францияға қоныс аударуды ұйғарады. Алайда, сәннің отаны саналатын Париж қаласына Алла мен анасы Татьяна ғана аттанады (Әкесі ГУЛАГ -қа жабылады).

Мәнсапты мүлде мақсат тұтпаған, сән туралы арман да құрмаған Алла бой жеткесін, дәмханаларда ыдыс жуушы болып нәпақасын көріп жүреді. Сән әлеміне келуіне себеп болған құрбысы болатын. Ол әлемдік подиумдарды бағындырғысы келді. Мүмкін болған конкурстардың тұрақты қатысушысы еді. Бірде өзін жайсыз сезініп, Диордың кастингіне барып, өзін алмастыруды өтінеді. Бұл кезде Кристиан Диор сән әлеміндегі өзіндік жолын енді бастап, алғашқы қадамдарын жасап жүрген кезі болатын. Сөйтіп, Алла құрбысы берген мекенжай бойынша келіп, тек қана жұмысшылар бригадасын ғана көреді. Аз-маз әңгіме дүкен құрып, "мекен-жайдан қателескен шығармын" деген оймен кетіп қалады. Бірнеше күннен кейін Диор мырзаның хатшысы арудың кастингтен өткені туралы хабарлайды. Алланың түсінбеген кейпіне: "Кристиан Диор жұмысшылар арасында болды және сәнгерді мінсіз мүсініңізбен, ерекше сұлулығыңызбен баурап алдыңыз" - деп тіл қатады.

Біреу білер, біреу білмес, 1960 жылдары трендке айналған, тіпті қазір де сәннен шықпаған "кошачьи глаза" үлгісін қалыптастырған осы Алла болатын. Ол өзінің қыпша белімен де ерекшеленді. Оның белінің ұзындығы небәрі 47-49 см болды. Ол халық жадында жас, әрі әдемі қалғысы келген деседі. Бәлкім, модельдік бизнестен кеткеннен кейін көпшілік алдына шықпағаны да, биографиясының күрделі һәм беймәлім болуы да сондықтан болар.

0 Пікір Кіру