Ит қасқырдан туатын болса - на woman.bugin.kz
Aruzhan - на woman.bugin.kz Aruzhan

Ит қасқырдан туатын болса, қасқыр алатын төбет туады! Осы бір ауыз сөздің астында қанша мағына бар, түсінген адамға

Ит қасқырдан туатын болса, қасқыр алатын төбет туады! 

Осы бір ауыз сөздің астында қанша мағына бар, түсінген адамға. Қазақ ежелден көк бөріні пір тұтып, байрағына бөріні бейнелеген. Өздерін бөрінің ұрпағы санаған. Қазіргі таңда қаншама қазақ қыздары қытайға, орысқа жар болуда. Жігіттің жақсысы нағашысынан деген, текті елдің қызы міндетті түрде текті ұрпақты дүниеге әкеледі. Жиен ел болмас деген сөз бар халқымызда. Ал енді, Ит қасқырдан туатын болса, қасқыр алатын төбет туады және жиен ел болмас деген сөздерді бірге алып қарайық, мағыналары бірдей. Қарагөз қазақ қызының өзге ұлттан тапқан баласы, нағашы жұртына тартып текті болар, алайда жар астына жасырынған жау болар, қазаққа зарар солардан келер! Олай болса, қазақ қызы, өзге ұлтқа жар болу ұлтыңа жасаған ең үлкен қастандығың екенін біліп жүргейсің!

0 Пікір Кіру