102 жасқа келген биші: Дұрыс өмір сүру ережелерін ұсынамын - на woman.bugin.kz
Ақнұр Алданова - на woman.bugin.kz Ақнұр Алданова

Тао Порчон

Ешкім сізге жақсы өмір сүрудің картасын сызып немесе кестесін құрып бермесі хақ. Десе де, сіздердің назарларыңызға  102 жастағы жапон бишісі, коуч  Тао Порчон – Линчтің ұзақ өмір сүру мен жас көрінудің құпияларын ұсынамын.

Өз қалауыңызды анықтаңыз.

Бақытты өмір сүру үшін, алдымен не қалайтыныңызды анықтаған жөн. Сол үшін де 30 (40,50) жасқа дейін өзгерту керек дүниелер мен көргіңіз келетін жерлердің тізімін жазып, армандар картасын жасаңыз. Солай арманыңызды мақсатқа айналдыру арқылы әрекетке көшкеніңіз абзал.

Жағымсыз әдеттерден аулақ болыңыз.

Әркім өз әдеттерінің құлы. Жағымсыз әдеттердің қатарына ішімдік ішу мен шылым шегуден бөлек, фаст-фудтарды шамадан тыс жеу, ұйқышылдық, көреалмаушылық, қызғаншақтық, уайымшылдық және жалқаулық жатады. Осы әдеттер бойыңыздан табылатын болса, онда тезірек арылғаныңыз жөн.

Оқу.

Кітап оқу таным көкжиегіңізді кеңейтіп қана қоймай сөздік қорыңызды арттырады. Сондықтан айына, кем дегенде, 2-4 кітап оқыңыз. Әсіресе, психологиялық кітаптар оқу арқылы өз-өзіңізді танып қана қоймай, айналадағы адамдармен де қарым-қатынасыңыз жақсарады.

Рухани демалыс.

Жақсы өмір сүру үшін, әр күн сайын қуануға себеп табыңыз. Әрбір демалысыңызда музей, театрға барып, табиғат аясында серуендеңіз. Бұл арқылы сізге жаңа идеялар келіп, өзіңізді дамытасыз.

Күнделік жазыңыз.

Күнделік-ойларыңыз бен армандарыңызды, жеңістер мен жетістіктеріңізді жазуға арналған ең жақсы дос. Күнделікті күйбең тіршілікті қорытындылап жазу арқылы сіз өміріңізге сараптама жүргізе білесіз. Әрбір күнді жоспарлап күнделік жазу жетістікке жеткен жандардың әдеттерінің бірі екенін ұмытпаңыз.

Егер сіз бұны оқып бітірген болсаңыз, «бақытты өмірдің» есігі сіз үшін ашық!


0 Пікір Кіру