Ұлы даланың көрнекті әйелдері - на woman.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на woman.bugin.kz Қаракөз Амантай

Халық анасы

Айтулы аналардың әжелік өнегесі біздер үшін әрдайым үлгі. 

Даңқты Зере (1785 – 1873) – Абайдың əжесі. Өскенбай бидің

бəйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған

аты – Тоқбала. Өскенбай би 5 əйелінен 10 бала сүйген. Зереден

Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған.

Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «кəрі əже»

деп атағаны көп деректерде жазылған. Қартайған шағында құлағы

естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай

əжесін өлеңмен үшкірген.

Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді

ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге

қамқор, кішіге пана бола білген Зере əже Абай өміріне, ақындығына

игі əсерін тигізген. Бұл туралы М.Әуезовтің «Абай жолы» романэпопеясында

шынайы суреттелген. Зере 1873 жылы қайтыс болған

соң, баласы Құнанбайдың ұйғаруымен Жидебай қыстауының

жанына жерленген. Абай ауылының азаматтары 1986 жылы

қабір айналасын қайтадан жөнге келтіріп, Зере бейітінің басына

Шығыс үлгісімен алты қырлы кесене тұрғызды (Қазақстан ұлттық

энциклопедиясынан).

«Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп

басталатын Абайдың əжесі – Зеренің ұлағатты əңгімелерінің өзі неге

тұрады десеңізші?

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда»

дейтін тарауында: «Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның əжесі

бір түрлі шебер əңгі меші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық

жерін дəмді ғып, қы зықтырып айтады. …Әжесі əуелде көп-көп

ертектер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген»

– бəрі де айтылды. Оның əңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш

бойы да Абай айтқыза беретін болды. Бертін келе, тəуір болып

алған соң, əжесінен тағы бір əңгімелер тапты. Ол осы ел ішінде

Зеренің жасынан бергі көргені, естігені жайындағы əңгімелер.

Ел мен елдің шабысы, таласы жайында бірталай күндер айтты.

Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Найманның осы елге, осы ауылға

шапқанын, сонда Бостанбек деген өзінің асыранды баласы өлгенін

жəне Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарымдай

кісенде жатқан Қожамберді деген ақын жайын айтады. Соның көп

өлеңін шұбыртады. Басқа да «Қарашор шапқан» сияқты шабысты,

жортуылды айтады. Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың

қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана

ынтыға тыңдайтын.

Зере ел шабысын əңгіме еткенде, сол істердің бəрін ел басына əлек

салған, ұлардай шулатқан кесел күндей айтатын. Кішкентай күнінен

ертек-əңгімені көп сүйетін бала осы жазда, тіпті көп есітіп, көп

біліп алған сияқты» деп келетін жолдар бар ғой. Бұл бала Абайдың

дана Абайға айналуына əсер еткен мысалдың бірегейі десек те

болады.. Осы мысалдың өзі-ақ, «Әже» тұлғасының қоғамдағы рөлін

айшықтап, жеріне жеткізе бейнелеп тұр.

М.Әуезовтің атақты «Абай жолы» романына соғыс жылдары

Б.Момышұлы жоғары баға бере отырып былай деген екен: «Зере мен

Ұлжан Абайдың емес, барлық халық анасы. Аналық сезімі мол, елдің

мұңын мұңдап, жырын жырлаған аналар болып ақиқат көрсетілген».

Шоқанның əжесі Айғаным Сарғалдаққызы үш жүзге бірдей

аты тараған, көркіне ақылы сай, білімді, парасатты əйел болған.

Әрі жасөспірім Шоқанның өз құралпыластарына қарағанда санасезімінің

ерте оянып, рухани əлемінің асқақ болып қалыптасуына

айтулы ықпал еткендердің бірі – Айғаным. Ә.Марғұланның

«Айғаным Шоқан үшін халық даналығының сарқылмас бұлағы

болған» деуі сондықтан. Яки, болашақ ғалымның сан-салалы

ілім мен ғылымның қайталанбас қайраткері болып қалыптасуына

жасынан бойына сіңірген жан-жақты тəлім-тəрбие мен туып-өскен

ортасының да игі əсері тиген.

Айғанымның өмірі мен саяси қызметі өткен дəуіріміздің

тарихында ерекше аталады. Орта жүз жерінде алдыңғы қатарлы орыс

зиялыларымен қазақ халқы арасында достық қатынастың алғашқы

негізін мықтап қалаушы тарихи тұлғаның игілікті ісін оның балалары

жалғастырды. Шоқанды, яғни болашақ ұлы ғалымды тəрбиелеуде ең

алдымен əжесі мен оның əкесі Шыңғыстың қамқорлығы ерекше.

Оның үстіне, Айғаным мен Шыңғыс шаңырағында ешқашан

дастархан жиылмаған, ойын-той көп болып халық таңдаулылары

жиі бас қосты. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, көсемсөз

майталмандары, күміс көмей, жез таңдай əншілер, ғалымдар,

алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының көрнекті өкілдері жас

Шоқанға ерекше əсер етті.

Қазақ халқының маңдайына біткен асыл ұлдарының бірі Шоқан

Уəлихановтың азаматтық болмысының өз тұстастарының арасынан

дараланып шығуына, ішкі күш-қуаты мен асқақ рухының ерте

жетілуіне, көкірек көзінің ашық болуына оның əжесі – Айғанымның

берген тəрбиесі айрықша ықпалын тигізді. Айғаным əженің өнегесін

моншақтай етіп тізіп беретін небір мысалдар жетерлік.

Айғаным туралы толық мағлұматты Ш.Уəлихановтың таңдамалы

жи нағынан ала аламыз. Онда былай делінген: «Ш.Уəлихановтың

əжесі Айғаным (1783-1853) парасатты, терең ойлы əрі көреген,

өзінің заманына қарай білімді болған əйел. Ол Шығыстың

бірнеше тілдерін білген, орыс мəдениетіне мейлінше ден қойып,

Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен жəне

Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып

отырған. Жергілікті халықтың арасында Айғаным өте беделді

кісі болған. Мұрағат мəліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси

мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір қырғыздары

жөніндегі Устав» қабылданғаннан кейін Сол түстік Қазақстандағы

маңызды оқи ғалардың бірде-бірі Айғанымсыз өтпейді.

Айғаным тоғыз бала тапқан, соның жетеуі тірі қалған. Үлкені –

Шыңғыс, Шыңғыстан туған Шоқан. Айғанымның мекен-жайының

жұрты қазіргі Көкшетау өңірінің Айыртау ауданы Сырымбет

ауылына таяқ тастам жерде.

Әжені көркем шығармаға қосу негізінен ХХ ғасырда қолға

алынды. Өйткені əженің қоғамдағы орны ерекше болғанмен,

оған көңіл бөлушілер аз еді. Бірінен соң бірі жалғасқан тарихи

өзгерістер əдебиет өкілдерін тарихи əлеуметтік жағдайдан өзгеге

бет қаратпады. Халық басындағы ауыр жағдай, отарлау үдерісі,

жер мəселесі, əйел теңсіздігі, жаңа заман жаңалығы секілді

мəселелер осы кезге дейінгі əдебиетшілердің тақырыбына айналды.

Көнеден жаңаға бет алған əжелер образы қазақ халқының салтдəстүрімен,

тəлім-тəрбиесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты

тəрбиелеуде əженің рөлі айтарлықтай. Бесікке салу, бесік жырын

айту, шілдехана секілді салт-дəстүрге əже тікелей қатысты. ХVІХVІІІ

ғасырда батыр бабаларымызбен бірге батыр əжелеріміз өзінің

жерін қорғаған. Сол заманның өзінде-ақ қоғамдағы əжелер орны

айқындалғанын байқатады.

Қазақ қоғамында əулетті тура жолдан тайдырмай, дұрыс

тезге салуда, жеткіншіктерді жастайынан адами келбет ауанынан

алыстатпай тəрбиелеу үрдісінде ақ жаулықты «əжелер мектебінің»

алар орны қашан да бір төбе болған ғой. Әжелер – барлық тəрбиенің,

барлық құндылықтың бастауында тұрады. Әрине, ежелден қазақ

халқының нəзік жандылары таққа отырып, ел басқармаған, ерінен

бұрын сөз бастамаған. Осылайша əжелер өнегесі – ұрпақтан-ұрпаққа

ұласып, ғасырдан-ғасырға жалғасатын тəрбиенің тау сылмас қайнар

көзі болып саналады. Бұл – ұлттық болмысымызға тəн қасиет əрі

құндылық.

Бесіктен тамыр тартқан тəрбие келе-келе əже мен немере

арасындағы көзге көрінбейтін нəзік бір байланысқа, екеуі жазбай

түсінетін ортақ психологияның қалыптасуына алып келген. Обал,

сауап, ынсап, парыз, аманат, борыш, қанағат секілді ұғымдар

маңызының айқындалып, бала сана сына тереңнен сіңуіне де

əже ықпалының айрықша болғаны да айдан анық. Яғни əрбір

отбасындағы əже тұлғасы – ұлы өнеге бұлағы.

Қазақ қоғамының сүт бетіндегі қаймағындай болған

азаматтарының, тарих парағына есімі өшпестей етіп қашалған

тұлғалардың қалыптасуында да əжелердің сіңірген еңбегі зор болған

ғой. Мұхтардың əжесі Дінəсілдің ұрпағына берген тəлім-тəрбиесі

мен рухани мұрасы таусылмас қазына емес пе еді?

Әжелер өнегесі мен олардың тəлім-тəрбие ұрығын себуші, ұлттық

салт-дəстүрді кейінгі ұрпаққа аманаттаушы ретіндегі ешкім қайталай

қоймайтын, алмастыра алмайтын бейнесі XVI-XVIII ғасырларда-ақ

айқындалып қойған емес пе еді?! Дана əжелердің қоғамдағы орны

– XX ғасырдағы қазақ про засында анық көрініс табуына да елеулі

əсер еткен. Бұл мысалдардың барлығы – ақ жаулықты жандардың

ұлағатын айна-қатесіз көрсетеді. Демек, ұр пағын жаза басудан

сақтандырып, қайта өнегесімен өрісін кеңейткен əжелер болған,

келешекте бола да береді.

Десек те, дүние ғаламдасу кеңістігіне қарай ойысып, жандүниеміз

батыстан жеткен «сыртқы күштермен» жадыланып бара

жатқан мына заманда біз осы бір рухани құндылықтан ажырап, яғни

əжелер салған ізгі жолдан жаңылмасақ екен дейміз.

Әжелер туралы жазылған өлеңдер көп. Әнге айналғандары

қаншама?! Мəдениет пен əдет-ғұрыпты жастардың бойына сіңіріп,

оларға тарихымызды танытып, салт-дəстүрімізді, əдет-ғұрпымызды

үйретіп, үлкен үлгі, өнеге көрсететін де – əжелеріміз. Дана халқымыз

үлкендерге құрмет көрсетіп, қарттарын төріне отырғызып, олардың

айтқан ақылына, өсиетіне құлақ асып, үлгі тұтқан. Қазақ отбасында

əжелердің орны ерекше əрі қадірлі болған. Әлі де солай. Әже –

отбасының ғана емес, əулеттің де ұйытқысы болып, ағайын-туыстың

ауызбірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың,

келіндердің тəрбиешісі əрі ақылгөйі атанған. Өз балаларын бағыпқағып

азамат етіп тəрбиелеген соң, немере-шөберенің тəрбиесімен

айналысып, оларды қызғыштай қорып, бар мейірімін төгеді. Ел

тарихында бір рулы елге ана болып, ел бірлігін сақтап келген

Домалақ ана, Абайдың əжесі Зере секілді əжелердің бейнесі аңызəңгімелерде,

əдеби шығармаларда сомдалған.

Әже – отбасының ғана емес, əулеттің ұйытқысы, ағайын-туыстың

бірлігін, абысынның татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі

жас келіндердің тəрбиешісі əрі ақылшысы. Сондықтан да қазақ

қоғамында тұңғыш немерені əженің бауырына салады. Бұл тек біздің

халыққа ғана тəн қасиет. Сөйтіп, бала ата-əженің кенжесі саналады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп жазған еді Мұхтар Әуезов.

Ал бұл сөздің өз мəнінде жүзеге асуының түп негізін əжелер

өнегесінен алып қарауымыз да заңды секілді. Бұл ұлағатты сөз

кез келген адамды, ең алдымен, өз елінің салт-дəстүріне деген

жанашырлыққа, ұлттың ұлы мұратына деген адалдыққа, Отанға

деген шынайы тазалыққа үйретері һəм имани нұрға жетелері хақ.

Осыдан-ақ, əжелер мектебі – бұл ұғымды бойға тереңнен сіңіретін

бірден-бір жол десек, еш қателеспеспіз.


Салтанат ҚАЖЫКЕН,

«Үркер» журналының бөлім

редакторы

0 Пікір Кіру