Сұлулық құрбандықты қажет ете ме? - на woman.bugin.kz
Ainura Daribaeva - на woman.bugin.kz Ainura Daribaeva

Шаш бояғыш сүт безіндегі қатерлі ісіктің даму қауіпін арттырады

Толығырақ зерттеу нәтежиесімен International Journal of Cancer журналында таныса аласыздар.

Ұлттық денсаулық сақтау институтының мамандары қоршаған орта мен гендердің сүт безіндегі қатерлі ісіктің пайда болу ықтималдығына қалай әсер ететіндігін зерттейтін 2003-2009 жылдары зерттеуге қатысқан 46 709 апалы-сіңлілі әйелдің деректерін талдады. Зерттеуге қатысқан әйелдердің барлығында дерлік жақын адамдары (анасы, әпкесі) сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан, бірақ зерттеу барысында өздері сау болған.

 Зерттеу барысында шаш бояуларды үнемі қолданатын әйелдер қатерлі ісік ауруына мүлде химиялық бояғыш қолданбайтындарға қарағанда тоғыз пайызға жиі шалдығатындығы анықталған. Тұрақты шаш бояулар эндокриндік жүйені және канцерогендерді бұзады. Уақытша бояғыштар қауіпі әзірге анықталмаған.

 Сүт безіндегі қатерлі ісік пен шашты химиялық үтіктегіштер арасындағы байланыстың болуы да жаңалық. 

- Онкологиялық ауруға мұндай химиялық құралдарды бес-сегіз апта сайын қолданған адамдар, бұрын қолданып көрмегендерге қарағанда 30 пайызға жиі шалдығады, - дейді зерттеушілер.

Ғалымдардың пайымдауынша, онкология қауіпін азайту үшін осындай химикаттарды айналып өту керек.

 

0 Пікір Кіру