Арман - на woman.bugin.kz
Жанеля Ерболқызы - на woman.bugin.kz Жанеля Ерболқызы

Әжем кішкентай күнімде "Арман адам баласының қуатына қанат бітіреді. Армандасаң, мақсат қоя біл" деп жиі айтатын. Бақытқа ұмтылған балғын жаным бүлдіршін күнімнен әжемнің сөзін санама жаттап өстім.


Ақ арманым қол бұлғайды асқардан,

Қиялым да жол іздейді аспаннан.

Дүрсілдеп жүрек, қорқамын сонда да,

Қайтпаймын! Арманға жетем аңсаған!


Бойда қуат, жүректе от лаулаған,

Секілдімін қыран боп көкте самғаған.

Арайлаған әр таңым мен кештеріме

Мына мен әрқашан да таңданам…


Айқын мақсат қойсаң егер күш сала,

Тындырғандай боласың бір іс дара.

Арман үшін маңыздысы мақсат қой,

Жетелейтін әрбір жанды тек алға.

 

Арман жолда үміт те керек екен,

Талпынуға сол үміт себеп екен.

Нұр-сәулесін жап-жарық төксе егер

Көңіл шіркін, тасқындап ереді екен.


Мақсат, үміт, сенім екен керегі,

Жету үшін ақ арманға белгілі.

Ылғи енді жүрсем екен қуанып,

Орындалып бар арманым мендегі.

 



Тек жақсылық бәріңе де тілерім,

Армандарың орындалсын аңсаған.

Арманға жету оңай емес, білемін,

Сонда дағы армандасын барша жан!




ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті,



Қадырқұлова Жанеля Ерболқызы



0 Пікір Кіру