Қытайда жер опырылып автобус құлап кетті (видео) - на woman.bugin.kz
Bugin.kz - на woman.bugin.kz Bugin.kz

Жарақат алғандар бар

Қытайдың Цинхай провинциясында жер опырылып түсіп, автобус құлап кетті, деп хабарлайды Синьхуа басылымы.

Басылым деректеріне сүйенсек, 15 адам жарақат алып, 10 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Оқиға дүйсенбі күні кешке таяу болған. Аялдамаға тоқтаған автобус жолаушыларды отырғызып жатқанда жер опырылып түскен. Автобус шұңқырға құлап бара жатып жарылып кеткен.

Опырылып түскен көше Синин қаласындағы көлік пен адам көп жүретін көшелердің бірі екен. Қазір құтқарушылар жоғалғандарды іздеп жатыр.

0 Пікір Кіру