Үндістанда әйелдерді әскерде командалық лауазымдарға тағайындауға рұқсат етілді - на woman.bugin.kz
Plumeria - на woman.bugin.kz Plumeria

Сот үкіміне сәйкес енді әйелдер полковниктен бастап, одан да жоғары лауазымдарды атқара алатын болады

Үндістанның Жоғарғы соты дүйсенбі күні әскер қатарында жүрген әйелдерге ерлермен тең дәрежеде командалық қызмет атқару мүмкіндігін берді, деп хабарлайды РИА Новости Indian Times басылымына сілтеме жасап.

Сот үкіміне сәйкес енді әйелдер полковниктен бастап, одан да жоғары лауазымдарды атқара алатын болады.

Полковник дәрежесі бар офицер батальонды басқарады, оған әдетте 850 адам кіреді.

«Жыныстық белгілерге негізделген жала жабу әйелдер мен жалпы елдің қадір-қасиетін қорлау болып табылады. Әйел офицерлердің өздерінің ер әріптестерінің толықтырғыш қосымшасы болмайтын уақыттары келді, - деді сот.

Бұған дейін Үндістан Үкіметі Жоғарғы Сотқа әскерде қызмет ететін ер адамдар негізінен ауылдық жерлерден шақырылғанын және «әйел офицерлерді бөлімше командирі ретінде қабылдауға олардың психологиялық дайындығы жеткіліксіз» екендігін хабарлаған еді.

Сот үкіметтің бұл уәждерін "кемсітушілік" деп атады. Сондай-ақ сот үкіметтің әйел әскери қызметшілерге физиологиялық шектеулер енгізу туралы уәждерін қабылдамай тастады.

Сот шешімі үш ай ішінде орындалуы керек.

Өткен жылы әйел офицерлер Үнді армиясының 10 түріне тұрақты қызмет ету құқығын алған болатын. Ел билігі байланыс, инженерлік корпус, авиация, әуе қорғанысы, электроника және машина жасау, армияның әскери корпусы, артиллериялық корпус, барлау сияқты салаларда қызмет ететін әйел офицерлерге тұрақты қызмет ету мүмкіндігін беру туралы шешім қабылдады.


0 Пікір Кіру