Орталық Азиядағы феминизм қозғалысы жайлы не айтуға болады? - на woman.bugin.kz
Тұрсынбай Сардар - на woman.bugin.kz Тұрсынбай Сардар

Орталық Азиядағы әйелдердің жағдай қалай?

Аймақта феминисттік қозғалыс қарқынды даму үстінде. Кейбір Орталық Азия елдерінде феминизм қозғалысы әлсіз. 

Көбі әлі күнге дейін дәстүрлі қоғаммен өмір сүруде. Орта Азия мемлекеттері негізінен түркі мемлекеттері екендігін ескерсек, аймақтағы қозғалыстың пайда болуы мен дамуына тікелей септігін тигізген және бағыт-бағдар бола білген – Түркия мемлекеті.

Бішкектегі қозғалыс бәрінен алда

Қырғыз әйелдері аймақтағы өзге мемлекеттердегілерге қарағанда белсендірек жұмыс жасауда. Осы жылы Бішкекте бесінші дәстүрлі бейбіт шеру 8 наурызға қарсы өткізілмекші. Елдегі өзекті мәселелер: «алып қашу», «сексуалды және физикалық зорлық-зомбылық». Қозғалыстың өзге көршілердегіден ерекшелігі тек қана әйелдер қауымдастығы ретінде ғана емес, ерлердің де қамтылғандығы және түрлі билік-басқару деңгейлердегі тарамдарының болуы. Яғни, әйелдер мәселесі тек қана қоғамдық емес әр түрлі деңгейде көтерілуде.

Қазақстанда белсенділер заңға қарсы

Елдегі ең қарқынды қозғалыс - «Не молчи.KZ» және ресми тіркелмеген «Феминита» мен «Қазфем». Елдегі теңдік мәселесі жақсы болғаны мен кей аймақтардағы әйел құқығы кенже қалуда. Алып қашу, зорлық-зомбылық, келіннің жеке бас бостандығын шектеу мәселелері күн тәртібінде. 

Соңғы уақытта зорлық-зомбылыққа деген жазаның тым жеңіл болуына қарсылықтар байқалып, өзгерістер күтілуде. Оған қоса жалғыз басты аналардың әлеуметтік қолдауға ие болмауы елдегі белсенділерді қатты алаңдатуда.

Феминизмнің Тәжікстандық үлгісі

Елде нақты қозғалыс құрылмаған. Мәселелер көбіне әлеуметтік желілерде қозғалады. Оларды көтерген әйелдердің жеке бас қауіпсіздігі қамтылмаған. Жас қыз-келіншектер ерлер тарапынан моральдық-физикалық кемсітушіліктер мен нұқсан келтірулердің көп екендігіне шағымдануда. Сарапшылар асқан сәтті жетістік болмаса да кейбір оң өзгерістер бар дейді. 2013 жылы аймақта алғаш болып осы елде «тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заң қабылданды. Алайда заңның іске асу механизмі өте әлсіз. Жетістік ретінде 2015 жылы қабылданған қыздардың тұрмысқа шығу минималды жасы 18 болып бекітілген заңды қарастырсақ та болады, 2018 жылы күйеуінен таяқ жеген Душанбелік әйелдің арызынан кейін елде уақытша топтар құрылып, қоғамдық белсенділердің көмегімен түсіндіру-насихаттау жұмыстары жүргізілді. Ел астанасында 250 қоғамдық бақылау камерасы орнатылады деген уәде берілген, алайда 2 жыл өтсе де ол уәде орындалмады.

Шешілмеген мәселе: Тұрмыстық жәбір көрген әйелдердің ол жайында ашық айту алуы екі талай. Себебі мемлекеттеге құқық қорғау қызметкерлерінің 100 пайызға жуығы ерлер. Қоғамдағы таптаурандардың шегінен шыға алмайтын полиция, оларды күйеулеріне ұстап береді, немесе ең жақсы адамға жолықты деген күнде, арызды қабылдамайды. Әйелдер елдегі ерлердің олардың құқығын қатты таптап, қоғамда олардың мансабына деген тосқауылдардың өте көптігін айтуда. Ел үкіметіндегі 19 өкілдің тек біреуі ғана әйел. Ол - Сумангул Тагойзода, еңбек және миграция, жұмыспен қамту министрлігін басқарады. Тәжікістан үкіметіндегі әйелдер үлесі - 17,5%. 2016 жыл статистикасы бойынша әйелдер үлесі елдің - 49,76% құрайды. Салыстырмалы тұрғыда: Қырғызстан үкіметінде әйелдер үлесі - 23%, Түркіменстанда - 25,8%, Өзбекстанда - 19,2%, Қазақстанда - 22%. Елдегі бұл төмен көрсеткіш көптеген отбасыларда әлі күнгі дәстүрлі ойлау жүйесі сақталып, жас қыздардың сабақтарына да көңіл бөлінбеуі, білім алуға деген құқықтарын шектеуі себепші. Елде білімді, кәсіби мамандық меңгерген арулар тапшы.

Өзбекстандағы жағдай

2019 жылы елде әйелдер мен құқықтары тең екендігі жайындағы заң қабылданды.

Алайда өз күйеуінен соққы көрген әйелдің барар жері бар деп айтуға әлі ерте.

Арнайы баспаналардың саны өте аз, олар әйелдерге жетпейді де. Көптеген әйелдер ол жайында білмейді де. Себебі ел БАҚ-тарында феминизм мәселесінің көтерілуі өте қиын. Үйінен қашқан әйел досы не танысынан пана таба алмаса, қонақүйлерге де бара алмайды. Себебі жергілікті тіркеудегі әйелдерді «жеңіл жүрісті» деп күмәнданулармен қабылдамайды да. Полициямен мәселе Тәжікстандағыға қатты ұқсас. Әйелдер күйеулеріне тәуелді болғандығы соншалықты, 2017 жылға дейін шекара асу үшін әйел өз күйеуінің және ата-енесінің заңды келісімін алып, арнайы виза алуы керек болды. Әйелдерге әлеуметтік қорған керектігі жөнінде мәселе тек 2016 жылы көтеріле бастады. Алайда мәселені жақсы шешетін заң, механизм әлі де жоқ.

Өзбекстан әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан заңды тұрғыда қорғалмаған санаулы мемлекет қатарында.

Аймақтағы феминисттерге ортақ мақсат – қоғамға әйел теңдігі деген құндылықты түсіндіріп, сіңістіру. Белсенділердің ең басты қарсыластары – патриархатты қоғамның қалыпты жағдайы деп санайтын дәстүршілдер. Оған қоса қозғалыстың тежелуіне тағы бір себеп – олардың ЛГБТК+ қауымдастықтармен тығыс байналыста жұмыс жасауы. Мысалы Қырғызстанда өткен бейбіт шеруге сексуалды азшылық өкілдері қатыстырылып «Кыргыз чоролору» бірлестігі қатты қарсылық білдіріп Бішкек мэрінің отставкаға кетуін талап еткен болатын. Олардың пайымдауында, феминисттер бейбіт шеру деген лақапат жамылып, елде гей-парад өткізуде.

0 Пікір Кіру