Жігіттерге қыздардың қандай киімі ұнамайды? - на woman.bugin.kz
Арайлым Серікова - на woman.bugin.kz Арайлым Серікова

Қыздар гардеробына ерлер тарапынан теріс көзқарас

Мойны ашық көйлектер

Сəнді көйлектердің бəрі сізге ұнағанмен, сіздің екінші жартыңызға мүлде ұнамауы мүмкін. Дəл осы тұста мойны ашық көйлектерді атап өтуге болады. Əрбір ер адам сүйіктісінің өзгелердің алдында ашық жүргенін қаламайды. Жігітіңізді ашуландырып алғыңыз келмесе, жабық киінуге тырысыңыз. 

Фатин белдемше

Белдемшенің бұл үлгісі сізді сайқымазақ етіп көрсетеді. Əсіресе, салмақты жігіттер бұл үлгіде киінген қыздарды ұната бермейді.

Кроп-топ

Əйел заты ер адамдардан нəзіктігі арқылы ерекшеленіп тұрады жəне сол қасиетімен өзіне баурайды. Олар өздері секілді джинсы шалбар мен жеңіл жейде киген қыздарды ұната қоймайды. 

Кең көйлектер

Қазіргі таңда сəнге енген бұл көйлектерді аяқ киім талдамай кие беруге болады. Бірақ, барлық қызға жарасады деу - қателік. Себебі, кең көйлек кейбір қыздарды толық етіп көрсетеді. 

0 Пікір Кіру