Қыздарға арналған тыйымдар - на woman.bugin.kz
Аяулым Шопан - на woman.bugin.kz Аяулым Шопан

Қызды қырық күйден тыю

Қазақ үшін ертеден қыздың, әйел затының орны бөлек болған. Қыз ес біліп, ойын алаңынан орнын алшақтатқаннан кейін әке-шеше, бүтіндей бір ауыл болып бүлдіршін қыздың есейіп, ес білгеніне куә болады. Яғни, өмірге қыз келсе, оның тәрбиесі тек қана әке-шешесінен емес, өскен ортасынан болған. Ертеде "қыздың жиған жүгіндей" деген керемет тіркес болған. Сонымен қатар, қызды қырық үйден тыю шарты қалыптасқан. Ал, ендеше қыздарға арналған тыйымдарға көз жүгіртейік: 


Жарыса сөйлеуге

Жалғыз қыдыруға

Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге

Орынсыз ұрынуға

Басқаларға қол тигізуге

Өтірік, өсекке

Суық жүріс, сумаң қылыққа

Кісіге қарай керіліп есінеуге

Талтайып отыруға

Шалқайып жатуға

Тамақты обырлана асауға

Ұрлық-қарлыққа

Ұятты мүшелерін ашып жүруге

Бұраңдап қылымсуға

Қызыл іңірде жатуға

Түске дейін ұйықтауға

Кісі алдында киім ауыстыруға

Салт-дәстүрден аттауға

Елді ғайбаттауға

Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға

Ішімдік ішу пен шылым шегуге

Ұрыс-керіске

Беттен алып, бет жыртысуға

Қараулыққа, ысырапқа

Рахымсыздық пен қатыгездікке

Түнде суға жалғыз баруға

Жат жыныстылармен араласып жатуға

Күйеуге қашып тиюге

Әдепсіз сөзге

Тарс-тұрс етуге

Адам мен жануарларды тебуге

Кісіні қорлап жәбірлеуге

Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға

Айқай-сүреңге

Шектен тыс сыланып жасануға

Қызғаншақтық пен күншілдікке

Менмендік пен өзімшілдікке

Алдап-арбауға

Көрсеқызарлыққа

Нәпсі құмарлыққа тыйым

Осындай тыйымдардың арқасында қыздарымыз маңдайларына күн шалдырмай, өз қара шаңырағы мен бүтіндей бір руының арына дақ түсірмеген.

0 Пікір Кіру