Көрікті болам десеңіз... - на woman.bugin.kz
Аида Нариманқызы - на woman.bugin.kz Аида Нариманқызы

Бет күтімі

Бет күтімі талай нәзік жандыларды толғандыратын мәселе екендігі анық. Әрине, көрікті, сұлу болып жүруді кім қаламасын? Сондықтан сұлулық пен тері саулығын сақтау мақсатында түрлі маскалар жасап тұрудың маңызы зор. Қазіргі таңда бет күтіміне арналған арнаулы маскалар, оған қоса косметолог мамандар жетерлік. Бірақ мен сізге ешқандай ақша шығармастан, үй жағдайында жасалатын маска түрлерін ұсынбақпын. Бұл маска түрлерін косметолог мамандар да қолдайды.

Бал қосылған маска. 1 шай қасық балға 1 ас қасық сүт құйып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны бетіңізге жай қимылдармен жағыңыз. 15 минут қалдырып, кейін жылы сумен жуыңыз.

Қиярдан жасалатын маска. Қияр мен картопты үккіштен өткізу керек. Екеуін араластырып, бетіңізге жағыңыз. Масканы 15-20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң бетіңізді сумен шайыңыз.

Киви жемісінен жасалатын маска. Кивиді езіп, оған бидай ұнтағын қосыңыз. Бетіңізге жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Бұл маска түрін аптасына 1 рет жасау керек.

Көк шаймен жасалатын маска. 1 ас қасық құрғақ көк шайға 1 шай қасық зәйтүн майын, 3 ас қасық айран мен 2 шай қасық бидай ұнын қосып араластырыңыз. Бетке жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Кейін жылы сумен шайып тастаңыз.

Жұмыртқадан жасалатын маска. Жұмыртқаға 1 ас қасық бал қосып, араластырыңыз. Бетіңізге жағып, маска кепкенін күтіңіз. Сосын жылы сумен шайыңыз.

Құрметті оқырман, үнемі әдемі болып жүруге тырысыңыз. Өз-өзіңізге көңіл бөліп, күтім жасауды қолға алыңыз. Менің ұсынған кеңестерімді өздеріңізге түртіп алсаңыздар болады.


0 Пікір Кіру