Бүгінгі күннің серілері жайлы не білесіз? - на woman.bugin.kz
Аягөз - на woman.bugin.kz Аягөз

Альфонстар

Альфонс деп – әйел адамды жалған сезімдерімен алдай отыра, қалтасын оның қаражатымен көбейтіп отыратын ер жігіттерді айтамыз. Иә, тепсе темір үзетін ер азаматтың бұндай істермен айналысқаны, көзге дүрпідей тимек түгілі, құлаққа да жағымсыз естіледі екен. Егер ол бұл кәсіппен кәсіби түрде айналысса, онда оларды тану қиынның қиыны. Бұны психологиялық ауытқу дейміз бе әлде жалқаулық па білмеймін.

Жақында отандық бағдарламалардың бірінде елу жасар америкалық әйелге үйленген қазақстандық жігіттің мақтанғанын көріп жаға ұстаған едік. Бұрынырақта біз білетін бұл істермен қыз балалар шұғылданатын еді, енді жігіттерге көшкені қоғам үшін де қолайсыз дүние болды. Баяғыда қыздар «Бай аға» іздесе, қазір жігіттер «Бай тәте» қарастырып жүргені шыныменде менталитетті ластағаны деп қоямын. Тіпті, бұл серілер альфонс болу оңай деп айтыпта қояды.

Шетелдік психологтар тіл табысқыш жігіттердің бірі: «Альфонс» жігіттер жайлы былай дейді: «5 жігіттің үшеуі міндетті түрде осындай. Барынша минимализмге жақын серілер бұл образды өте жақсы ойнап шыға алады. Майда сөздер мен әдемі тіркестерді орынды қолдану – романтик азаматтардың басты артықшылығы».

Бүгінде әлемде тұрмақ, Қазақстанның өзінде жігітке алданып қалдым деп бармағын тістегендер бірталай. Жақында Алматы қаласының тұрғыны осындай серілердің құрығына түскенін айтады. Ол сияқты дәл сол азамат 11 адамды алдаған көрінеді. Ал тағы бір нәзік жанды жалпы сомасы 150 мың долларға алданғаны белгілі болды.

2016 жылдың қаңтарында Қазақстанда 3645 алаяқтық фактілері тіркелген, оның әр отызыншысы біз айтып отқан неке өтірікшілері мен альфонстардың ісі. Жалпы бұны шешудің жолдары қандай болмақ? Кінәні жалғыз басты әйел адамдардан көреміз бе, әлде ақша үшін сезіммен ойнағандарды айыптаймыз ба? Алаяқтықтың мұндай түрі тек көршілес Ресей мен АҚШ та ғана емес барлық жерде белең алуда. Бұл біздің табиғатымызға, тәрбиемізге жат нәрсе. Бірақ, мені қынжылтатыны небір білектілеріміздің өздері осы тірлікті ұсынатыны. «Құр сөз – іс емес, тауық- құс емес»-, демекші осыдан үлкен нәтиже шықса болар еді.

«Қыздың аңқауынан сақта, ұлдың жалқауынан сақта»,-дегендей адал еңбекпен маңдай термен, таппаған соң ол дүние босқа аққан сумен тең деп білемін. Қазағымның ұлдарының ұсақталмағаны ұрпақтың сақталуы, кейінгілердің үлгі алатыны біз , алдыңғы арбамыз мынандай болса, артқысы қайда барады? Егер біз осылай әлсіресек, басқа іні – қарындастарымыздан не күтеміз? Әуелі оларға тәрбие беру үшін өзіміз дұрыс болмақ керек. Айтып айтпай не керек, болашақта аталған нәрселер орын алмас үшін әркім өзінен бастау керек. Бұл жерде тек айтқым келгені альфонс серілер ғана емес, барлығына.

«Арпалыспен келмесе, шынайы азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?»-, деп елбасымыз айтқандай әр нәрсеге өз еңбегімен жеткенге не жетсін...

0 Пікір Кіру