Күйзелістен қалай шықсам болады? - на woman.bugin.kz
Асмира Ермекқызы - на woman.bugin.kz Асмира Ермекқызы

"Депрессия" немесе "стресс". Айырмашылығы қандай?

"Күйзеліс" неден, қалай пайда болады? Белгілері қандай? Алдын алу немесе оны емдеу жолдары? Осы сұрақтардың жауабын мен алдымен өз қажеттілігіме байланысты ізденіп едім. Сәйкесінше, біраз пайдалы ақпарат жинадым деп ойлаймын. Сіздермен бөлісуді ұйғарып отырмын. Кәдеңізге жарасын!

Күйзеліске байланысты психологияда екі ұғым бар. Стресс. Және депрессия. Бұл екеуінің айырмашылығы қандай? Стресс - бұл уақытша құбылыс. Ия, кейде ұзаққа созылуы да мүмкін. Бірақ, ол кезде "стресс" емес, "депрессияға" айналады. Түсінген шығарсыз, депрессия- күйзелістің асқынған түрі. Оны "ауру" деп қарасақ та болады. Ұзақтығы апта,ай немесе тіпті жылға созылуы ықтимал. Стресстің ғылыми анықтамасы - белгілі бір оқиғаға байланысты ағзаның эмоцияналды жауабы. (Оқиға деп отырғанымыз Құдай сақтасын "өлім", "жұмыстан босатылып қалу" немесе "махаббат хикаясы" ) . 
Меніңше,күйзеліске түскен адамды бір қарап-ақ аңғаруға болады. Олай дейтінім, бұл дерт тікелей адамның психикасымен байланысты болғандықтан түр келбетіне қарап-ақ диагноз қойсаңыз қателеспейсіз. Күйзеліске түскен жандар көбіне  жалғыздықпен достасып алады. Өзінің басында болып жатқан жайларға оңаша қалып жауап іздегісі келеді. Тым көңілшек, ашуланғыш, күйгелек бола бастауы да "күйзелістің белгілері". Тағы бір көзге көрінерлік белгі салмақ қосу немесе бірден көп мөлшерде салмақ жоғалту. Бұл құбылыс әркімде әрқалай жүреді. Ол кейбір жандардың күйзеліске тап болғанда тәбетінің қашуынан немесе енді біреулерінде болатын керісінше тамаққа тәбеті артып, ашу-ызасын шоколад басқа да тәттілер жеу арқылы шығарып тастауға тырысуынан болады. Алайда, бұл үлкен қателік! Депрессия кезінде уақытылы, дұрыс тамақтану керек. Себебі, депрессия иммунитетті төмен түсіреді. Мұндай жағдайда ағзаңызға пайдалы дәрумендер беріп қана көмектесе аласыз. Тағы бір кеңес, психотерапевтке жүгінбес бұрын жақын адамыңызға сізді мазалайтын жайттарды айтып сыр алысып көріңіз. Ең бастысы, шындықтың бетіне тіке қарап онымен күресе білу! Құр уайым, денсаулығыңызға зиян мен текке кеткен уақытыңыздан өзге түк те сыйлай алмайды. Мұңаюға емес, бақытты болуға себеп іздеңіз!
0 Пікір Кіру