Сан түрлі болған сән әлемі - на woman.bugin.kz
Гүлдана Дәурен - на woman.bugin.kz Гүлдана Дәурен

Трендте боламын десеңіз...

2016 жылдан бері қарай қанық реңк сәнде болып келе жатқанын білеміз. Жасыл, қызыл-күрең, сұр, ақ-қара түстер біртіндеп жоғалып, ағымдағы  жылы ашық түс сәнге айналмақшы. 

2019 жылдың көктем-жаз маусымында көк теңіз, маржан, алтын түстес киімдермен қатар сары, алқызыл, көк, қызғылт сары секілді түстер үстіңізден табылатын болса, сіз ендігі сәнді жандардың қатарындасыз. Сонымен қатар, әшекейлер, шарф сияқты аксессуарлар сәннен қалып жатса, керісінше үлкен сырғалар ажарыңызды аша түспек.

2018 жылы еркін, көпқабатты киімдер жастар арасында танымалдылыққа ие болғаны белгілі. Биыл да жоғалмаған бұл образ қатарына ашық түстермен үйлесім тапқан классика қосылғалы тұр.

Ал, аяқ киімдерге келер болсақ, биылғы көктем-жаз коллекцияларының басты элементтері – белбеулер мен баулар болып табылады. Онымен қоса, нәзік гүлдестелермен әрленген аяқ киімдер биылғы көктемнің сәні болмақ.

Кез келген нәзік жандының гардеробында маңызды рөлдердің бірін алатын дүние – сөмке. Осы жылы үлкен сөмкелер сәннен қалып, орнына микро-сөмкелер келеді. Шағын аксессуарлар былтырғы жылдан бастап сәнге айналғанымен, бұл жылы тоут сөмкелердің кішкентай үлгілері, кросс- боди сөмкелер сән алаңына аяқ басты.

Иә, бұл биылғы жылдың сән үлгілері. Ол бұған дейін де өзгеріп тұрды және әр маусым сайын өзгеріске ұшырайтыны анық. Талғам таразыңызға салып, қалай киіну керек екенін өзіңіз білесіз. Алайда, есіңізде болсын, жинақылық пен жарасымды киіну ешқашан сәннен шыққан емес.


0 Пікір Кіру