Қалай сені үйіме келін қылып апарамын? - на woman.bugin.kz
Мөлдір Адамжан - на woman.bugin.kz Мөлдір Адамжан

Маған сен керек емессің

Маған сен керек емессің, сен сияқты түнгі клубтың көбелегін үйіме келін қылып қалай апарамын?
Мен пәк, таза, жүрегінде иманы бар тәрбиелі қызға үйленемін. Сенің маған керегің жоқ. Бала менікі дегенге кім кепіл? Жоқ, мен саған үйленемін деп қашан айттым. Өтірік уәде мен бос сөздер арқылы өрімдей жас қыздың сеніміне кіріп алып, кейіннен бала менікі емес, болса да сен сияқты әйелдің маған керегі шамалы дейтін жігіттер саны көбеюде. Батысқа еліктеу ме, заманның өзгеруі ме, некесіз ақ бір төсекте бас қосу бүгінгі күні таңқаларлық дүние емес...  

Кім жазықты? 

Ата-ана? Кім баласын жаман болсын дейді? Оқысын, ел көрсін, жер көрсін, азамат болсын деген үмітпен ұлының тілеуін тілемей ме? Әлде қызын абыроймен ұзатуды ойламай ма? 

"Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер" деп бекер айтпаса керек.  

Істеген ісін мойындап, жауапкершілігін сезінетін жігіттер неге азаюда? Шынымен-ақ, қыздың қолжетімділігі, дәрежесінің төмендеуі, өз өзін бағаламауы осындай жағдайға әкеле ме? "Қызға қырық үйден тыйым"-деген қайда? Сауалдар көп жауаптары жоқ.

Өзгенің ішкі сезімін, жан айқайын бізге түсіну қиын шығар. Сондықтан да бұндай жағдайлардың себебі бізге беймәлім. Төлегеннің Жібегіне деген асыл сезімі әрбір қыз жігіттерінде болатын болса, мүмкін барлығы басқаша болар ма еді... Әйтсе де түнгі клубтың көбелектері бір үйдің үкілеген үміті емес пе? Ондай  қыздардың ата-ана тәрбиесін көрмегендер деп айту қате. Жас болған соң өмірді көріп, жастықтың қызығына қана алмайды-ау шамасы... Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Бүгінгі қыз - ертеңгі келін. "Қалай сені үйіме келін қылып апарамын" деген сөз қазақ қызына айтылмаса екен...

0 Пікір Кіру