Ақ кимешек жоғалса нені көрем... - на woman.bugin.kz
Мөлдір Адамжан - на woman.bugin.kz Мөлдір Адамжан

Әжелер...

Әжелер... Ақыл-парасат пен тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, ұлттың жанашыры. Әрбіріміз үшін өміріміздің бір бөлшегіне айналған жандар. Хан тәңірдің мұз балағы жазып қалдырған осы бір ерекше туынды менің жүрегімнен айырықша орын алады.  Мүмкін, көз алдыма ақынның бейнесі келегендіктен болар... Мүмкін, ақынның әжесіне деген сағынышы жүрегімді тебіренткеннен болар... Мүмкін, болашақта "ақ кимешек киген" әжені көре алмаймын деген қорқыныштан болар... Әйтеуір бір өзгеше ойлар санамды жайлап алды. 

Әже сен бірге жүрсің меніменен, өліге мен сені әлі телімегем. Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем, ақ кимешек астынан сені көрем... Ақынның асыл әжесіне деген ыстық сағынышы осы өлең жолдарынан анық білінеді. Өзін өзі жұбатып ақ кимешек астынан әжесін көруі де бекер емес ау. Деседе, ақын "ақ кимешек көрінсе сені көрем, ақ кимешек жоғалса нені көрем" деп тек бекер айтып тұрмағаны анық. Бұл сұрақ сіз бен бізге қойылды. Жауабын бірге табайық. Соңғы рет көшеден кимешек киген әжені көрдіңіз бе? 22 наурыз күні емес, кәдімгі жай күндері.Ақын тамсанып қараған ақ кимешектегі әжелеріміз жоқтың қасы. Әрине заманға сай әжелеріміз жетерлік. Тек кимешегі жоқ, әженің ғана емес бүгінде келіннің де орамалы жоқ... Қазір тәулесіздердің заманы, еріктілердің заманы... Содан болар орамал, сәукеле, бөрік, кимешек дегеннің барлығы арттар қалды. Жасына қарамай барлық әйелдер қауымы қыстың аязы болмаса жыл он екі ай бастарын еркіндікте ұстағысы келеді. Ал ендеше, еркін елдің ұрпағы ақын атамыз іздеген ақ кимешекті қайтеміз...

0 Пікір Кіру