Көк шайдың пайдасы мен зияны? - на woman.bugin.kz
Асмира Ермекқызы - на woman.bugin.kz Асмира Ермекқызы

"Шәй ішейік!"


Көк шай десе, әжем есіме түседі. Барлығыңызда солай шығар. Кей кездері ауыр тамақтан кейін болмаса, жастар көк шайды күнделікті рационымызға жолата бермейміз. Оған бір себеп оның "түсініксіз" дәмі болса, екінші "көк шайды ішсең, қаның төмен түсіп кетеді" деген жұрттың сөздері. Біріншісі сіздің талғамыңыздың, таңдауыңыздың еркінде. Ал, екіншісіне сенбеңіз!

Әр нәрсенің өз мөлшері бар. Көк шәйдің зияны жоқ демеймін. Шәй ішкен осы екен деп іше берсеңіз ол да болмайды. Ғалымдардың айтуынша, күніне 2-3 кесе көк шай жеткілікті. Ал артық ішу зиян. Ресей ғалымдары көк шәйдің құрамында да кофеиннің болатынын анықтаған. Көк шайдың адам жанын сергітетін әсер беретіні де сондықтан. Сондай-ақ, артық салмақтан арылғысы келетін қыз-келіншектер де көк шайды күнделікті пайдаланғаны дұрыс. Көк шайдың басқа сусындарға қарағанда каллориясы аз екені белгілі. Және ағзадағы артық заттардың шығаруға да көмектесетін көрінеді. Көк шай әсіресе Қытай және Жапон елдерінің сүйікті сусыны. Айтуларынша, көк шай қартаюды тежейді. Әжімдердің пайда болуының алдын алады. 


0 Пікір Кіру