Кара күпәйкі - на woman.bugin.kz
Ақниет Бақытжанқызы - на woman.bugin.kz Ақниет Бақытжанқызы

Қиялдан туған шындығым...

Тарс етіп,  тағы ыдыс сынды. Бұл шешемнің артынан келген жасаудың соңғы шыны оюлы кесе еді. Кесенің тарсылынан кейін, анамның ойбайға басқан жан дауысы шықты.

Орнымнан тұра алмадым. Барып анама жақтаса алмадым. Аяқ-қолым сіресіп қатып қалған. Құдды жаным шығып кеткендей. Не қолымда не аяғымда жан жоқ.  Анамның жан дауысы шығып,  жылап қала берді.

Сол күні көкпар болған. Көкпар десе болды, денем қалшылдап қатып, дірдектеп қата бастаймын. Бүгін тағы концерт болады деп, көңілдің қошы бірден-бірге түсіп кетті. Рас, әкемнің көкпардан сау келген күні болған емес, үнемі аяғын әрең басып келетін. Бүгінде солай. Деседе анамды көрсе болды, аяғын тіктеп, бар күшін қолына жинап, жұдырығын ала жонеледі. Тағыда көзі көгерді ау деймін.  Бірақ бұл жолы қатты жылауда.  

Үйде төртеуміз, мен ағам және екі әпкем.  Кенжесі мына мен. Екі әпкем тұрмыста. Ағам Алматыда оқуда жүр. Соңғы рет жаңа жылда келген. Маған арнап әдейілеп қоңыр бәтеңке көтеріп келіпті. Оны майлап ертесіне-ақ мектепке мақтана киіп барғам.  

Анамның жасы әлі тоқтамады. Әкем, бейшара шешемді бұл жолы қатты соқты ау. Қаты ауырсынып жылаған дауысы, түпкі бөлмеге анық  естіліп тұрды. Менде үнсіз жылап жаттым. Сөйткенімше болмай, бар күшімді жинап, орнынан тұрдым. Дереу жылы құбырда жайылып тұрған жүн нәскиімді аяғыма кие салып, бөлмеден ытқып шықтым. Әкем анамды әбден ұрып-соғып тастапты. Сау тамтығы қалмаған. Анам мені көріп, менің артыма қарай ойыса бастады. Менде анамды әкемнің жұдырығы мен қамшысынан қорғай бастадым. Қамшысының ащысын ай. Мені де біраз осып отті. Анама “қаш, қаш ”,-деп айқайлап әкемді жібермей, тежеп қалдым.  Анам сорлы үстіне киімде ілмей, жыртық кебіспен сыртқа қаша жонелді.  

Әкемді сабасына басып, орнына жатқызып болған соң, жаңағы сыңған кесенің қалдығын жинап пештің алдына ысырып қойдым. Үстіме малға киетін қара күпәйкіні іліп, сыртқа шешемді іздеуге шықтым. Сыртта алай-дүлей боран. Бес алты метірлік жер ғана әрең-әрең көрінеді. Тура сырттағы боран мына біздің үйдің ішіне кіріп кеткендей, қырғын болып кетті.  Мына боранда, “Анашым, анашым “,-деп дауыстасам ешқандай үн де,дыбыста шықпайды. “Қораның бір қуысында шығар”,- деп көзім жеткен жерге қарай аяқ бассам ештеңе көрінбейді. Еш жерде жоқ. Көшеге жан таласып шықсам, түк көрінбейді. Светте, түк те көрінбейді.  Тіпті барлық көршілердің светі сөніп тұр. Тек бес алты үйден кейінгі көршіміздің шамы әлсін-әлсін жанып тұр. Сол үйге қарай беттедім. Аяғым дірдектеп, жүре бердім. Боран тіпті бас көтерткізбеді.  Алдыға адымдап баса бердім. Боранның қатты соққаны сонша, алдыға басқан қадымымнан гөрі, артқа кеткен қадымдарып көбірек болды. Сонда да шешеме қарай ұмтыла бердім. Жаңағы соққан боранның ызғырығы денемді жаулап, тұла бойым қатып барады. Бейшара қара күпәйкі мені мына бораннан сақтай алмады.  Әйтеуір жанталасып қадымдай бердім. Бар ойым анашымда. Басымды әзер дегенде көтеріп қарасам, не шам да, не біздің үйде,түкте көрінбейді. Айналам ап-пақ. Қаhарлы бораннан басқа түк жоқ. Алдыға тағы адымдап ем, қара тал көрінді. Белгісіз қай жерге түсіп кеткенім. Неше уақыт жүргенімде белгісіз. Әйтеуір бар ойым шешеме жету еді.  

Жетер жеріме жеттім .Сол қара талдың астынан шыға алмай қалдым. Қайда барарымды білмей, тыпыршып қалдым. Мұз болып қатқан қара күпәйкенің ішіне  басымды тығып, сол жерде үйелеп, ықтап жатып қалдым. 

Анама сол күйі жете алмадым....

0 Пікір Кіру