Көктемнің басты трендін білесіз бе? - на woman.bugin.kz
Жайна Тәттімбетова - на woman.bugin.kz Жайна Тәттімбетова

2019 жылдың көктемінде қандай киімдер сәнді?

Биылғы жылдың басты трентерін сізге таныстырайын. Сәнді болып көріну үшін төменде айтылған кеңестерге назар салыңыздар. Көктемде, жазда сәнде болатын киімдерді атап айтатын боламын.

  1. Қатты көк денимнен жасалған бұйымдар сәннен қалмақ емес. Көк джинс матадан тігілген комбинезондар, көйлектер мен күртешелер, сарафандар және джинстан тігілген юбкалар ең актуалды модельдер болады. Бұл тренд 80-жылдардан келген болғандықтан мұндай бұйымдарды қоңырқай түстегі аяқ-киімдермен киген жөн.

  2. Бұл көктемнің өткен көктемдерден айырмашылығы жоқ. Себебі пастель түстегі бөртегіл түс биылғы жылдың басты түсі болатын секілді. Сондай ақ ашық көк түстегі киімдер өте актуалды болады.

  3. Үлкен кардигандар, үлкен кроссовкилер және сіздің өз өлшеміңізден әлдеқайда үлкен киімдердің барлығы биылғы көктемде тренд болайын деп тұр. Бұл сән үлгісі де бізге өткен ғасырдың 80-жылдарынан келген екен.

  4. Клетка. Бұл матаның әлемдік сән апталықтарында белсенді түрде орын алып жатқандығын бәрі білетін шығар. Барлық киім-кешек дүкендері осындай бұйымдарды әкеліп сатып жатқандығы да әмбеге аян. Яғни, клетка матадан тігілген пальто, сым, костюмдер әлі де сәннен қалған жоқ.

  5. Бұршақ. Бұршақ десе кішкентай кезімдегі көйлегім есіме түседі. Бұршақтың әлі күнге дейін актуалды болып тұрғандығына аң-таңым бар. Әйтсе де бұл принт бізге 90 жылдардан келген екен. Сол себепті алдағы көктем, жаз мезгілдерінде бұршақ принтіндегі киімдер актуалды болып табылады.

  6. Кішкентай гүлдердің принті. Бұл көктемнің келгендігін, күннің жылып, гүлдердің біздің өмірімізде көбейетіндігін білдіреді. Көйлек қысқа болсын, ұзын болсын гүлді принтте болса сіз міндетті түрде сәнді адамға айналып шыға келесіз. Әсіресе осындай киімді кедымен кисеңіздер, бәрінің назары сіздерде болатындығын ұмытпағайсыздар.

  7. Пластикадан жасалған киімдер. Сөмкенің ішіндегі сөмке. Пластиктан жасалған аяқ киімдер биылғы жылы да актуалды. Бірақ өз басым пластиктен жасалған аксессуарларды тағып көрмеппін. Ал сіздер ше?

0 Пікір Кіру