Үй жағдайында шашқа арналған маскалар  - на woman.bugin.kz
Диана - на woman.bugin.kz Диана

Үй жағдайындағы шаш күтімі жайында

Қыс мезгілінде үйдегі, ғимарат ішіндегі жылу жүйесінен бөлінетін құрғақ ауа салдарынан шаш электрленеді. Оған көшедегі аяздың әсері тағы қосылады. Нәтижесінде майлы шаштар одан сайын майланып, ал құрғақ шаштар тіптен өңінен айырылып, ұштанады және көп түседі. Қыстың қыңыр мінезді күнінде де шашыңыз жібектей жұмсақ болып, жылтырап тұруын қаласаңыз бірнеше амалдарды жадыңызға сақтай жүріңіз.

Қазіргі дамыған заманда шаш күтіміне арналған маскалар өте көп. Дүкен сөрелерінен сатып алынатын маскаға қарағанда үй жағдайында жасалатын маскалардың пайдасы көбірек. Мұндай маскаларды тіпті мамандардың өздері қолдайды екен.

 1. Құрғақ әрі өңсіз шашты ылғалдандыру үшін мына масканы жасаңыз. Ол үшін жұмыртқа сарысы, майсана майы, қыша және қант қажет. Әрқайсысын бір ас қасықтан салып араластырыңыз. Дайын болған масканы шаш түбіне, құрғақ және өңсізденген ұштарына жағу керек. Бұл маска құрамында қыша болғандықтан шаштың өсуіне көмектесіп, оны нәрлендіреді. 20-30 минут ұстаған соң, жылы сумен шайып, кейін қалаған сусабыныңызбен жуа аласыз. Аталмыш масканы аптасына 2-3 рет қайталаңыз.

2.Қыс мезгілінде бас киім кигендіктен шаш тез майланады. Сұлы мен судың қосындысынан жасалған маска түрі шаштың қалыпты құрғақтылығын сақтауға көмектеседі. Үш ас қасық сұлыға дәл сол мөлшерде су құйыңыз. Араластырған соң шаш түбіне жағып, оны 40 минут көлемінде ұстайсыз. Кейіннен жылы сумен шайып, әдеттегідей қалаған сусабыныңызбен жуа аласыз.

3.Қазіргі таңда қыз-келіншектер мен қатар ер кісілердің де басты проблемасы – шаштың шамадан тыс түсуі. Бұл проблемамен күресу үшін келесі маска түрін жасаңыз. Сізге бұрыш тұнбасы мен майсана майы қажет. Егер бір ас қасық бұрыш тұнбасын салсаңыз, соншалықты мөлшерде майсана майын құйыңыз. Яғни, олардың пропорциялары бірдей болғаны жөн. Тұнбаларды араластырып, шашты жуар алдында мақта дискісімен шаш түбіне жағыңыз. Бұл маска шаштың түсуін азайтып,шашты нәрлендіреді. Майсана майы шаштың өсуін қамтамасыз етсе, бұрыш тұнбасы шаш түбіндегі қан айналымды жақсартады. Нәтижесінде шаш түбі қатаяды. Аталмыш масканы 20-30 минут ұстап, кейін жыл сумен шайып, кез келген сусабынмен жуыңыз.

Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін аталған маскаларды уақытылы бірнеше рет қолдану қажет екенін ұмытпаңыз!


0 Пікір Кіру