" Ер адамның барлығы әлсіз": Маргарет Тэтчердің ең үздік қанатты сөздері - на woman.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на woman.bugin.kz Қаракөз Амантай

"Темір ханымды" бірі жақсы көрсе, бірі жек көрді

Маргарэт Тэтчер Ұлыбритания тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр. Басынан сөз асырмайтын, «Темір ханым» атанған ол 1979 жылдан бастап 1990 жылға дейін билік басында болды. Кеңестік үкіметті қатты сынағаны үшін және «тэтчеризм» саясатының бір бөлігі болып кеткен консервативтік шаралары үшін «темір ханым» аталып кеткен. Вugin.kz оның ең үздік деген қанатты сөздерін көпшілік назарына ұсынады.


«Барлық еркек әлсіз, әсіресе, джентельмендер осал болады»


«Үй шаруасында туындаған мәселелерді түсінетін әйел, ел басқарудағы мәселені де жақсы түсінеді»

«Істі талқылағыңыз келсе – ер адамға, жүзеге асырғыңыз келсе – әйел адамға барыңыз»

"Алғашқы 10 секундта адам туралы ойымды өте сирек өзгертемін"

«Әңгімелесушімен тіл табысу үшін оған «иә» дей беруге міндетті емессіз»

«Мен өте шыдамды адаммын. Себебі, іс соңында бәрібір менікі дұрыс болып шығады»


“Менің жеке басыма қол сұғып, аяқтан шалғысы келгендердің  іс-әрекетіне қуанамын. Демек қарсыластарымның менің саяси ісімнен еш кінарат таппағаны”


“Біздің заманда ешбір әйел премьер-министр немесе Сыртқы істер министрі, тіпті Жоғары лауазымға да ие бола алмайды. Өз басым мен премьер-министр болғым келмес еді. Мұндай жағдайда барлық жұмысты өзім ғана атқаруға тура келеді”


“Үй – істейтін ештеңе қалмағанда келетін орын»


«Тегін ірімшік тек қақпанда болады»


0 Пікір Кіру