Анджелина Джолидың дәрігерінен 10 кеңес - на woman.bugin.kz
Мирас - на woman.bugin.kz Мирас

Сүт безінің қатерлі обырын алдын алуға арналған пайдалы кеңестер

Дәрігер Кристи Фанк Pink Lotus Breast Center клиникасының негізін қалаған. 2013 жылы дәл осы клиникада Анджелина Джоли ем қабылдаған. Кристи Фанк әйелдерге сүт безінің қатерлі ісігін алдын алу үшін, өзінің үздік кеңестер топтамасын ұсынады.

Кристидің айтуы бойынша, көптеген адамдар бұл ауруды тұқым қуалайды деп ойлайды. Алайда, бұл ауруға шалдыққан адамдардың 85%, сүт безінің қатерлі ісігімен ауырған туыстары болмаған. Мамандардың айтуынша, әйелдердің 5-10% ғана осындай гендік мутацияларды ана-әжелерінен жұқтыра алады.

Келесі бір жаңсақ пікір, бұндай аурулардан сақтана алмайтыныңда. Олай емес, бәрі өзіңізге, сіздің өмір салтыңызға байланысты,– дейді дәрігер. Төменде келтірілген диета мен өмір салтына байланысты 10 кеңес, бұл аурудың алдын алуда және қауіп-қатер ықтималдығын төмендетуге көмек береді.

1 кеңес. Кресгүлдер тектес көкөністерді күніге жеу

Оларға ақбас, түрлі түсті, брюссель қырыққабаты мен брокколи жатады. Олардың бәрі де сүт бездерінің саулығына пайдалы.

2 кеңес. Рационыңа антиоксидантарға бай жидектерді қос

Фанктың айтуынша, құлпынай, таңқурай, қаражидек (черника) және қара бүлдірген (ежевика) антиоксиданттарға және фитонутриенттерге бай. «Бұл заттар ерікті радикалдарды тазалағыштар, сенесіздер ме, жоқ па, бұл жидектер обыр клеткаларын өздігінен жойылуға итермелейді. Мен күнделікті олардан коктейль жасаймын»,– дейді Кристи.

3 кеңес. Куркуманы дәмдеуіш ретінде ғана пайдаланбаңыз

Фанктың ойынша, куркума сүт бездерінің саулығы үшін таптырмас өнім. Сондықтан оны ерекше тағамдарға арналған дәмдеуіш ретінде ғана емес, күнделікті рационға қосу керек. Мысалы, коктейлге қосуға болады.

4 кеңес. Үнді тұшаласын (крыжовник) көптеп қолдану

Үнді тұшаласы жер бетінде антиоксиданттар ең көп шоғырланған жидек болып табылады.

5 кеңес. Көбірек саңырауқұлақ жеңіз

Саңырауқұлақтар, әсіресе жас саңырауқұлақтар, сүт безінің клеткаларына пайдалы заттарға бай өсімдіктер.

6 кеңес. Соядан жасалған өнімдер

Фанктың айтуынша, жаңа зерттеулердің нәтижесінде, сүт безінің қатерлі ісігін алдын алуда темпе, тофу, эдамаме және соя сүтінің пайдасы зор.

7 кеңес. Кәдімгі сабынды қолдан

Антибактериялық сабынды көп қолданбаңыз. Дәстүрлі сабынмен жуыныңыз.

8 кеңес. Егерде жемістерді қабығымен жеуге үйренсең, жергілікті жемістерді сатып ал

Көп тыңайтқыштардың арқасында өсірілген жемістер, зиянды заттардың көбін қабығына жинайды. Егер жемістің қайда өскені күмән тудырса, қабығын аршып таста. Немесе, тыңайтқыштарды пайдаланбайтын сенімді өндірушілерден алу керек.

9 кеңес. Күнделікті тазалау жұмыстарын жүргізіңіз

Бұл ауадағы токсиндерді азайтудың бірден бір көмегі.

10 кеңес. Үйіңді үй өсімдіктерімен толтырыңыз

Үй өсімдіктері токсиндерді жұтып, ауаны тазартады.


0 Пікір Кіру