Феминизм қазақ қыздарына жат емес - на woman.bugin.kz
Аяулым Қамбарбекқызы - на woman.bugin.kz Аяулым Қамбарбекқызы

Әйелдер сұлулық үшін көп жапа шеккен

Көп жылдық басынушылық пен кемсітуді шыдап келген әйелдер сол күні көшелерге жан айқаймен шықты. Екі он жыл белсенді қозғалыстар 1970 жылы феминизмнің оянуының арқасында батыстың әйел қауымы сол уақыттың мәселесін шешу арқылы, қазіргі замандағы әйел қауымына бостандық сыйлағандай болды. Ең алдымен, саяси бостандық (сайлауда дауыс беру) және заңды қорғалу құқығы, отбасыда бала жоспарлау құқығы. Олар жоғарғы білім ала бастады, толыққанды жұмыс жасап, өз кәсібін ашу жайлы құқықтарды қорғау арқылы бұрыннан қатып қалған түсінікті түбегейлі өзгертті. Ал қазір ше, олар бастандықтың мәнін түсінеме?

Олар материалды түрде қамтамасыздандырылған, білімді, бұрында шектелген құқықтарға ие, бірақ өздерін шыныменде еріксіз екендерін сезенбейді. Жалпы қазақ қыздарының түсінігіне "феминизм" атауы шынымен жат көрінеді, бәлкім оның мәнін түсінуге тырыспағандықтан шығар? Феминизм - еркектердің бәрі оңбаған, ал әйелдер ең тамаша жандар деген таяз түсінік емес. Феминизм - әйел адамның барлығы жұмыс жасап кәсіпкер болып өз-өзін қамтамасыз ете алатын, мұхтажсыз эгоцентристік түсінік те емес. Феминизм – мен боянбаймын, өзіме күтім жасап еркекке ұнау үшін салондардың табанын тоздырмаймын деген түсінікке сәл жақын болса да, олай емес. 

Феминизмнің қазіргі ХХІ ғасыр әйелдеріне қандай қажеттілігі бар? 

Барлық құқықтары ерлермен тең, қалған уақытта кез келген әйел өз кәсібін ашалады, қалағанын киіп, кез келген жерде білім ала алады. Айта кетерлік мәселе қазақ қыздарына "феминизм" аталатын ұстанымда болу керек екенін түсіндіру керек секілді. Қазақстанда 18 миллионға жуық адам бар, 52% әйел адамдар, яғни 8,6 миллионан астам. Жұмысқа жарайтыны 16-63 жыс аралықтаға қыз-келіншектер. Орта есеппен алғанда жұмысқа жарайтындардың 60% ғана жұмыс жасайды, қалған 15% сауатсыз және жоғарғы білімі жоқ әйелер, 5% қаңғыбастар, 10 % зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі, немесе мүгедектілігі бар жандар http://www.enbek.gov сайтынан алынған ақпарат. Енді, жаңағы 60%-ды қарастырсақ оның ішінде жарлықта(декрет) отырған әйеледер қаншама Қазақстанда жұмыс жасамау ушін жыл сайын бала туып отыруды жоспарлайтын әйелдер бар. Жәрдемақымен өмір сүретін отбасылар дейік. Көп балалы аналар, білімі жоқ 45-60 жастағы әйелер олар кез-келген жұмысқа жармасуды үйренген. Және ойлануды қажет етпейтін "өз таңдауы бойынша" үйде отыратын әйелер. Қазақ әйелдері ошақ қасында отыру керек, үйдің шырағын жағып, тек бала тәрбиесімен айналысу керек деген қатып қалған мың қатпарлы жүйенің бастауы қай кезден басталғанын білмеймін, бірақ оның тамыры тым тереңде. Үйде отыратын әйелдердің барлығы жұмыссыздықты таңдады дегенге қатты күмәнім бар. Бұл қағиданың орнауы бірден-бір еркектердің қажеттілік пен көріп өскен тәрбесімен қатар орнатылған. Қазақ қыздарының еркектердің алдында әлсіз, отбасыда әдеттен орнайтын патриархат қыздар олардың алдында төмен екенін сезінуге алып келетіні өтірік емес.  Қарсы сөйлеуге, қателіктерін бетке басуға, көздеріне тіке қарауға болмайды, бұл тәрбие қыздың сыпайылығы мен инабаттылығын тәрбеиелейді және де өзінің отбасы мен қоғамдағы рухани рөлін қатты төмендетеді. 25 жастағы қыз отырған қыз саналатын елде, қыздар уақытылы тұрмысқа шыққысы келеді, уақыты келіп қалса күйзеліске түседі, туысқандары "бұл қыздың дені дұрыс па?" деген сұрақтар жаудырады. Соның нәтижесінде таңдауды асығыс жасаған қыздар бақытсыз болса да, қайтып барсам "елден ұят" дейді. Жылдар бойы жиналған білімінен, асқақ армандарынан, беделді жұмысынан бас тартуға мәжбүрлікті осы тұрмыс құру мен күйеуінің сұраныс талаптарын қанағаттандыру болып абылады. Үй жұмысына байланған әйелдердің жұмысы, еркек адамдардың 8 сағаттық жұмысынан әлде қайда қиынырақ екенін айтар болсақ, кез келген жұмыста әйелдерге 18% аз жалақы төленеді. Феменизм – әділеттілек пен теңдікке шақыратын ұстаным.

Сұлулық ең осал әрі жылдам басқарылатын, адамдардың назарын жылдам аударатын қару. Сұлулық абстрактылы дүние, оны ешкім түсіндере алмайды, сұлулық әр кімнің санасында әр түрлі. Егерде бір қыз екіншісіне қарағанда келбеттілеу болса ол оның ерекше екендігін еш дәлелдемейді. Келбетті арудың ген бойынша жолы болған, бұл теорияны тіпті Дарвизмнің "Табиғи іріктеу" зерттеуі дәлелдемейді. Яғни ешқандай адамға белгілі түрәлпетпен немесе тал мүсінмен тууды жазбаған, қарапайым гендер жиынтығы. Бірақ, қазіргі таңда сұлулықты  жұмысқа немесе жақсы өмірге айырбастау тауарына айналғандай. Әйел адамдарға ер адамдарға қарағанда сыртқы келбетінің сымбаттылығын талап ететін басты критерии. Ал сұлулықтың критерииларын кім орнатты? Феминизмнің екінші толқынын бастаған Жермер Грир әйелдердің сұлулық түсініктерін екі сөзбен түсіндерді: "Ол – қуыршақ!" Сұлулық универсалды немесе өзгермейтін түсінік емес, бірақ "әйел" сұлулығын құдды Платонның идеалды идеасына балайды. Маңызды болып табылатын нәрсе, әйел сұлулығы ешқандай қағиделарға және шектеулерге тәуелді емес, толыққанды тәуелсіз "әйел" аталу үшін біз ешқандай стандарттарға жүгінбейміз және ол нәрсе біздің өз-өзімізді бағалау таңдауымызға әсер етпеу керек.

0 Пікір Кіру