Сұлу болудың құпиясы - на woman.bugin.kz
Райхангул - на woman.bugin.kz Райхангул

Нәзік жандыларға кеңес

Көптен күткен көктем мезгілі де келіп жетті. Бұл мезгілде адамдардың көбісі суық мезгілдегі қалың киімнен бас тартып, жылы мезгілге сай киіне бастайды. Әсіресе әйел адамдардың өз сырт келбетіне көңіл бөлетін кезеңі деп айтуға болады.

Нәзік жандылар дене бітімін қалыпқа келтіруге тырысады, себебі ауа райына байланысты неше түрлі киім киеді (жұқа киімдер, дене бітімін толықтай көрсететін). Осыған орай әйел қауымы мінсіз көрінуге тырысып, арықтауына көп көңіл бөледі. Осы ретте көмек ретінде мен үй жағдайында арықтауға арналған сусынды қалай жасау керектігін ұсынғым келеді. Сонымен ғажайып сусынды қалай жасау мәзірін ұсынсам. 

Сусынға керекті заттар:

– 2 кесе су;

– 2 кесе мұз; 

– бірнеше кесілген лимон тілімдері(өз қалауларыңызбен, дәміне сай);

– 10 кесім қияр кесіндісі.

Осы барлық айтылған заттарды әйнек банкаға құйып, 1-4 сағат бойы қойып ішсеңіздер, өздеріңіздің қалаған бейнелеріңізге ие боласыздар. Барлық әйел қауымына сәттілік!  

0 Пікір Кіру