Мектеп оқушысы "Алматы аруы" атанды - на woman.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на woman.bugin.kz Қаракөз Амантай

16 жастағы ару

Алматыда «Мисс-2019» қалалық байқауы өтті. Алматының ең сұлу аруы атағы үшін 16-26 жас аралығындағы 19 қыз бақ таластырды. Гранд-финалда қыздар өздері туралы мағлұмат берді, түрлі халықтардың ұлттық киімдерін және жоба серіктестері ұсынған кешкі көлектерді көрсетті. Байқау қаладағы мейманханалардың бірінде өтті. Бұл туралы Inform.kz хабарлайды. 

Нәтижесінде, «Мисс Алматы-2019» атағын 16 жастағы Диана Әбішева жеңіп алды. Ол Алматы қалалық № 105 мектеп-гимназиясында оқиды. Оқушы қыз вокалмен айналысады, француз және ағылшын тілдерін үйренуде. 
«Алматы вице-мисі» номинациясына бірден төрт ару лайықты деп шешілді. Олар: Сабина Ноғаева (17 жас), Сабина Құрбанова (21 жас), Дәмелі Нұрғазы (21 жас) және Мәдина Мұхтарова (18 жас). Барлығына демеушілерден сыйлықтар тапсырылды. Ал конкурс жеңімпазына 1 млн теңгеге сертификат берілді. Диана Әбішева «Алматы аруы» атағын және «Қазақстан аруы» байқауында қаланың намысын қорғау құқығына ие болды. Айта кетейік, 2 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауға онымен бірге, сондай-ақ 2018 жылғы «Алматы аруы» Камила Қожаханова қатысады. Сонымен қатар бойжеткендер «Аяулы ару», «Мисс Mon Guerlain», «Мисс Dance Studio», «Мисс Этноару», «Мисс Kinopark», «People Choice», «Oriental Beauty», «Talent Performance», «Fashion models» аталымдары бойынша сыйлықтар алды. «Мисс Алматы» жобасының кастингіне 1500-ге жуық қыз қатысты. Қазылар алқасы 40 үміткерді іріктеп алды, ал ақтық сынға тек 20-сы ғана шықты. Қазылар алқасының құрамында танымал актерлар, әншілер, журналистер мен блогерлер болды. Олардың арасында Әли Оқапов, Дастен Шәкіров, Абдулкарим Каримов, «Мисс Алматы» және «Мисс Қазақстан-2014» Регина Вандышева, «Мисс Алматы-2018» Камила Қожаханова, «Мисс Алматы» конкурсының директоры Лилия Баймұратова, қазылар төрағасы Совет Сеитов және басқалары бар.
Байқау 4 айға жалғасты. Бұл уақыт аралығында қатысушылар бірнеше кезеңнен өтті. Олар интеллектуалдық, спорттық және шығармашылық байқауларда сынға түсті.

0 Пікір Кіру