Ана дейміз бәріміз де аңқылдап - на woman.bugin.kz
Дана - на woman.bugin.kz Дана

Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса!

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кiлті сонда ғана, – дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірiмділік, дүниеге жаңа келген тіршiлік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуi асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.

Адамзат қуат алар ақ сүтiңнен, Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең. Аналық махаббатың кәусар бұлақ, Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгi шырақ. Адам "адам" болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуi керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейiрімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бiр қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек. Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшiн екі қуыршақ маймыл Ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесi қатты да суық етіп, екiншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүтi жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Мiне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана. 

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екенi айтылады. "Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса" делінген онда. "Егер атаң мен Анаң бiр мезгілде үн қатып қалса, әуелi анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар. 

Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейiр алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікшi. Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілiмізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресi: Анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіптi жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса!

0 Пікір Кіру