Мөлдір Әуелбекова жаңа басшылық қызметке тағайындалды - на woman.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на woman.bugin.kz Қаракөз Амантай

Әнші қандай қызметке келді?

Әнші Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды.

азақконцерт" бірлестігінің Instagram желісіндегі парақшасында, Жеңіс Сейдоллаұлының бұйрығымен әнші басшылық қызметке тағайындалғаны туралы айтылған. 

"29 сәуірде Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды. Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған "Қазақконцерттің" шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды", - деп жазылған "Қазақконцерт" бірлестігінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Ал әнші өзінің жеке парақшасында жаңалықты былай бөлісті.

"Апта жақсы жаңалықпен бастау алды! Әр жетістігім сіздердің қолдауларыңыздың арқасы! Рахмет!" - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Еске салсақ, 2018 жылдың сәуір айында Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" бірлестігінің эстрада бөлімінің басшылығына тағайындалған еді.

0 Пікір Кіру