Сенде бір ғана өмір бар - на woman.bugin.kz
Plumeria - на woman.bugin.kz Plumeria

Қарт әйелдер жас әйелдердің білуін қалайтын дүниелер

Маргарет Мэннинг – кәсіпкер, автор және спикер. Ол «60 және мен» атты қауымдастықтың негізін қалаушы. Бұл қауымдастық 60 жастан асқан әйелдерге тәуелсіз, сау және қаржылық қауіпсіз өмір құруға көмектесуге бағытталған.

Маргарет Мэннинг: «Шынымды айтсам, осы 30 жастағы әйелдердің қартаюға соншалықты алаңдағанына таң қалдым. Бұл туралы ойлаған сайын, егер менің 30 жасымдағы өмірім қайта оралса, айналамда егде жастағы әйелдердің көп болғанын қалайтын едім... Сондықтан мен бұл дүниені«60 және мен»қауымдастығының әйелдерімен талқылауды жөн көрдім. Олардың жасының жартысына жеткен әйелдерге беретін бір кеңеспен бөлісуді сұрадым.  Өзім ойлағандай, олардың кеңестері шынайы әрі қызықты болды және өздерінің 30 жастарында иеленгісі келген ұжымдық даналықты көрсетті.»

1. Есіңізде болсын, сізде бір ғана өмір бар.

2. Әрбір өмірлік тәжірибеде жақсы күйде қалуға тырысыңыз.

3. Әр күн сайын толық өмір сүріңіз, себебі алдыңызда не  күтіп тұрғанын білмейсіз

4. Бір сәтте өмір өзгеруі мүмкін екенін ұмытпаңыз

5. Өз өміріңіздің барлық кезеңдерін жақсы көріңіз және еш біреуінен қорықпаңыз, себебі олардың барлығы өзінше ғажайып

6. Осы сәтпен өмір сүруді үйреніңіз. Егер жас кезіңізде осыған үйренсеңіз, ол сізге 60 жасыңызда да көмектеседі

7. Өміріңіздің болашақта не болатынын ойлау үшін өмірдің өзі тым қысқа - бүгінгі күнмен өмір сүріңіз

8. Далаға шығып, табиғатпен рахаттаныңыз!

9. Сіздің түрлі кезеңдеріңізге жетуге көмектесетін хоббиді немесе кәсіпті табыңыз.

10. Назарыңызды қартаюға емес, позитивті қартаюға аударыңыз

11. Жасыңыз ұлғайған сайын денеңіздің және ақылыңыздың өзгеруін қабылдаңыз

12. Әрқашан өзіңізге адал болыңыз ... бұл ұзақ бірақ өтелетін оқу процесі

13. Естеліктер жасаңыз

14. Вирджиния Вулф дұрыс айтқан екен – әйелге жеке бөлме және 500 доллар қажет

15. Қоғамның қартаю туралы стереотиптерін ұмытыңыз

16. Жасыңыз – сіздің кім екеніңізді анықтамайды, бұл тек сандар

17. Үнемі жігерленіп жүріңіз.

18. Қарапайым өмір сүріңіз. Шынығыңыз, оқыңыз, үйреніңіз және саяхаттаңыз

19. Классикалық киімдерді сатып алыңыз – ол әрқашан сәнде болады

20. Ақшаны аяқ киімге жұмсамаңыз – ерлер сіздің аяқтарыңызға қарамайды

21. Ешкімге еліктемеңіз, жасанды болмаңыз – өзіңіздің сәулеңізбен жарқыраңыз. Әр сәтте шынайы, саналы және тірі болыңыз

22. Әжімдерге назар аудармаңыз. Олар бетіңізде пайда болған кезде, оларды өміріңіздің жол картасы ретінде ойлаңыз.

23. Өз өміріңіздегі қарапайым нәрселерді бағалаңыз

24. Жұбайыңыз бен балаларыңыз сізді қалай жақсы көргенін қаласаңыз, солай оларды да жақсы көріңіз, құрметтеңіз

25. Өз махаббатыңызбен еркін және сөзсіз бөлісіңіз

26. Өзіңіз қалаған кезіңізде бала сүйіңіз – ол үшін жақсы уақытты күтудің керегі жоқ

27. Өзіңізге және басқаларға көңіл бөліңіз

28. Кіші жаста кешірімділікке үйреніңіз

29. Өз ашуыңызды босатып, алғыс пен қуанышқа өміріңізді толтырыңыз

30. Құрбыларыңызбен тығыз қарым-қатынаста болыңыз, бұл өте маңызды

31. Отбасыңызды бағалаңыз. Басқалар жоқ кезінде, солар жаныңыздан табылады. Олар өмір бойы сізді қолдайды.

32. Өзіңізге немесе басқа біреуге ешқашан ашулы күйде ұйықтамаңыз.

33. Әріптесіңізге, достарыңызға және отбасыңызға күн сайын оларды жақсы көретініңізді айтыңыз

34. 30-да сіз әйел боласыз. Өте әдемі екеніңізді бағалаңыз.

35. Өзіңіз өзгерте алмайтын нәрселерге уайымшылдықпен уақытыңызды жұмсамаңыз, бірақ өзгерте алатын заттарға мүмкіндігінше тырысыңыз

36. Жаман қарым-қатынастан жылдам бас тартыңыз – сіз басқа адамды өзгерте алмайсыз

37. Тері күтіміне көңіл бөліңіз! Жиі күлімсіреңіз.

38. Өзіңіздің түйсігіңізге сеніңіз және ешқашан өзіңіз туралы жаман сөз айтпаңыз

39. Сіздің балаңыз сізге ұстаз болсын

40. Жауынгер болыңыз –  дағдылы және өзін-өзі қамтамасыз етуді үйреніңіз

41. Қартаюдың оң аспектісін алыңыз –  мысалы: аз жауапкершілік және мол еркіндік

42. Қорықпаңыз. Бәрі жақсы болады. Өмір мен табиғат сізді өмірдің әр кезеңіне дайындайды
0 Пікір Кіру