Бір бала, бір мұғалім, бір кітап, бір қалам әлемді өзгерте алады - на woman.bugin.kz
Plumeria - на woman.bugin.kz Plumeria

Нобель сыйлығының ең жас иегері туралы деректер

Малала Юсуфзай - бүкіл әлемдегі қыздар үшін шабыт беруші батыл қыз және шынайы қаһарман. Нобель сыйлығының әлемдегіең жас лауреаты Малала адам құқығы үшін және әсіресе, қыздардың білім алуы жолында күресіп келе жатыр. CNN кітапханасының https://edition.cnn.com сайтына жариялаған Малала туралы тарихи деректер:

2008 жылдың  1 қыркүйегі –  Пешаварадағы жергілікті баспасөз клубында мектептердің жабылуына қарсы наразылық белгісі ретінде Малала өзінің алғашқы сөзін сөйлейді:  «Талибан менің негізгі білім алу құқығымды қалай алып тастайды?».

2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары – Малала Гүл Мақай лақап атын пайдаланып, Би-би-си үшін талибтердің билігіндегі өмірі туралы блог жүргізеді.

2009 жыл – Нью-Йорк ТаймсүшінАдам Б. Элликтің «Босатылған класс» деректі фильмінің тақырыбы.

2011 жылдың 24 қарашасы – Малала Пәкістандағы алғашқы ұлттық әлем сыйлығына ие болады.

2012 жылдың 9 қазаны – талибандықтар мектептен үйге бара жатқан жолдағы автобуста Малала Юсуфзайға үш рет оқ атады.

2012 жылдың 15 қазаны –  Малала Бирмингемдегі Елизавета патшайымының ауруханасынаота үшін Пәкістаннан Англияға ұшақпен жеткізіледі.

2013 жылдың 3 ақпаны – басына тиген оқтан соңғы отасы өтеді.

2013 жылдың 8 ақпаны – Малала Елизавета патшайымының ауруханасынан шығарылады.
2013 жылдың 19 наурызы –  Англиядағы Бирмингемдегі қыздарға арналған Эдгастон жоғары мектебінде оқиды.

2013 жылдың сәуір айы – қыздарды оқытуға гранттар берумен көмектесетін  Малала қоры құрылады.

2013 жылдың 18 сәуірі – жылдың ең ықпалды адамдарының қатарына кіреді.

2013 жылдың 12 шілдесі – Малала Нью-Йорктегі БҰҰ-да сөз сөйлейді. Бұл оның шабуылдан кейінгі алғашқы ресми шығуы еді.

2013 жылдың 6 қыркүйегі – Халықаралық балалар сыйлығымен марапатталды.

2013 жылдың қазаны – Эдинбург университетінде құрметті өнер шебері атағын алады.

2013 жылдың қазаны – Малала Қор Ұйымы Құрылады.

2013 жылдың 8 қазаны – Кристина Браунмен бірге жазылған «Мен Малала» атты өмірбаяны жарық көреді.

2013 жылдың 20 қарашасы – талибтерге қарсы батылдығы үшін Сахаров сыйлығын алады.

2013 жылдың 10 желтоқсаны – Малала Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі сыйлығына ие болады (ол тек бес жылда бір рет беріледі).

2014 жылдың 15 сәуірі – Корольдік колледж университетінде Азаматтық құқық докторы дәрежесін алады.

2014 жылдың 14 шілдесі – Малала «Боко Харам» деп аталатын соғыскерлерге «Исламның атын теріс пайдалануды тоқтатуға» үндеуін жолдайды.

2014 жылдың 12 қыркүйегі – 10 адам Малалаға шабуыл жасағаныүшін қамауға алынады.

2014 жылдың 10 қазаны – Балалардың құқықтарын қорғаудағы белсенді қызметі үшін Кайлаш Сатьярти және МалалаЮсуфзайға Нобель сыйлығы беріледі.

2014 жылдың 13 қазаны –Time-ның ең ықпалды 25 жасөспірімдерінің қатарына кіреді.

2014 жылдың 21 қазаны – Қауым Палатасы Малаланы Канаданың Құрметті азаматы етіпсайлауда бірауыздан дауыс береді.

2015 жыл – «Мен – Малала: білім алу жолында әлемді өзгерткен бір қыз» атты үздік балалар альбомы үшін Грэмми сыйлығын алады.

2015 жылдың 5 маусымы – екі адам 2012 жылы Малалаға шабуыл жасағаны үшін өмір бойына қамауға алынады. Басқа күдікті сегіз адамақталып шығады.

2017 жылдың 10 сәуірі – БҰҰ бейбітшілік елшісі болып тағайындалады.

2017 жылдың 17 тамызы –  Оксфорд университетіне оқуға қабылданады.

2018 жылдың 29 наурызында – Малала алғаш рет Пәкістанға оралады.

2019 жылдың 8 қаңтарында – «Біз жылжыдық: менің саяхатым және бүкіл әлемдегі босқын қыздардың әңгімелері» атты кітабы жарық көреді.

0 Пікір Кіру