Денсаулық сақтау министрлігі рұқсатсыз түсік жасатуды ұсынды - на woman.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на woman.bugin.kz Марғұлан Ақан

Қолдайсыз ба?

Елімізде 16 жастан бастап ата-анасының рұқсаты мен заңды талап етпей-ақ, қыздардың түсік жасатуына рұқсат беру туралы ұсыныс түсті. Ұсынысты ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды.

Заңға сәйкес кәмлетке толмаған қыз балалар ата-анасың рұқсатынсыз немесе заң аясынан асып түсік жасатуға қатаң тиым салынған. Ал енді айдың күні аманда білдей министрлік ұсыныс жасап, 16 жастан асқан қыздардың өз бетімен түсік жасатуына рұқсат беру туралы заң енгізуді қолдап отыр.

Вице-министр Ләззат Ақтаеваның айтуынша, бұл әлемде бар тәжірибе.

Қазақстан – көшпелі дала өркенитен қалыптастырып, өзіндік бай дәстүрімен дараланып, халықтың өмір салтын ар мен ұятқа байлаған мемлекет. Ал түсік жасау деген о заманнан болған емес. Себебі, қызға қырық үйден тиым салған қазақтың, түсік жасатпақ түгілі, өз отауын бөлек тіккенге дейін ер адаммен ойнас болуына қатаң жаза қолданған.

Рухани жаңғырудың көрінісі бұл емес. Қалай болған күнде де, Денсаулық сақтау министрлігі мен вице-министр тілге тиек етіп отырған әлемде бар тәжірибенің бәрі бізде болуы міндетті емес.

0 Пікір Кіру