Данэлияның өмірінен... - на woman.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на woman.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қазақстанның жарық жұлдызы

Қазақстанның жас,талантты әншісі Данэлия Төлешова 2006 жылы 18 шілдеде Аламты қаласында дүинеге келген, жасы 12-де. Ол - BraVo музыкалық сыйлығының лауреаты, “Украина дауысы” байқауының IV маусымының жеңімпазы. Балалар арасындағы “Новая волна-2015” байқауында  көрермен көзайымы номинациясын иеленді. 22 қыркүйекте Алматыда өткен Junior Eurovision ән байқауының ұлттық іріктеуінде жеңіске жетіп, Минскіде өтетін негізгі байқауға жолдама алды. Ал 25 қазанда Беларусь астанасында өткен «Балар Евровидениесі-2018» байқауында 6-орыннан көрінді. Сонымен қатар оның орындауындағы Stone Cold әні YouTube желісінде 29 миллион рет қаралған.


Қазіргі таңда Данэлия екі мектепте білім алуда. Бірі американдық, бірі Қаныш Сәтпаев атындағы № 56 мектеп-гимназиясы. Сүйікті пәні – математика. Сондықтан математиканы жақсы көретін адаммен дос болғанды және сол адаммен формулаларды талқылаған ұнайды.

Шығармашылығы

Данэлия 3-4 жасынан бастап үйіндегі караокеде ән айтуға әуес болған. Әсіресе, "ВИА Гра"тобының әндерін айтқанды жаны сүйген. Әннің соңында оның өнерін «жақсы», «өте жақсы» деп бағалаған және осы сәттен бастап Данэлияның әнге деген қызығушылығы оянып, болашақта үлкен сахнада ән айтып, өнер көрсетсем деген бала арманы пайда болады. Ол ән айтқан кезде әкесі мен анасы қызының өнерін тамашалап, оны ұялы телефондарына видеоға түсіріп, WhatsApp желісіндегі отбасылық чатқа жіберіп отырған. Ал Данэлияға өзін видеодан тамашалаған сәт қатты ұнап, өзіне деген сенімділігі оянған. Оның алғашқы музыкалық талантын әкесі байқайды. Жас әнші фортепиано класы бойынша музыкалық мектепті бітірді. Анасының да вокал жағынан хабары бар. Данэлияның бойындағы музыкалық қабілет анасынан дарыған болуы керек. Жақындарының айтқан жағымды пікірі оның мансаптық өсуіне әсерін тигізді.

Отбасы, жақындары


Әкесі-Александр Төлешов 2018 жылдың шілдесіне дейін — "НСК" ірі қазақстандық сақтандыру компаниясы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Анасы-Елена Төлешова балаларының тәрбиесіне бас-көз болып, үй шаруасында отыр. Данэлия - балалардың үлкені. Оның артынан ерген Тимур атты інісі мен Амели атты сіңлісі бар. 

Негізі Данэлия есімін ата-анасы «Данель» деп қоюды жоспарлаған. Дегенмен туу туралы куәлігін рәсімдеу барысында қателік кеткен. Ал БАҚ өкілдері Данэлияның есімін славян және қазақ фонетикасының ережесіне сәйкес Данелия (қазақ тілінде «дән» деген мағына) деп жазады.

Танымал әншілермен дуэті


Данелия Төлешова " Жаңа толқын " байқауында әнші Жасминмен бірге "Берегите родных" әнін орындады. Сонымен қатар ол әнші Нюшамен бірге ән шырқады. 2016 жылы ресейлік Валериямен бірге "Рождественская песенка" концертінде өнер көрсетіп, "Маленький самолет" әнін шырқады.

Балалар Евровидениесі


"Балалар Евровидениесі" халықаралық байқауына Қазақстан алғаш рет қатысып отыр. Сонымен қатар бұл байқауда алғаш рет 20 елдің кішкентай әншілері өнер көрсетті. Бұл байқауда Қазақстан атынан Данэлия “Өзіңе сен” әнін орындап шықты. Әннің сөзін ол Камила Дайыровамен бірлесіп жазған. Сөзін жазбас бұрын авторлар оның қызығушылығын анықтаған. Байқау шарты бойынша әннің сөзі 60% қазақша, 40% ағылшынша айтылуы керек болды. Данэлияның өзі ағылшын тілінде сөзін жазған. Бұл әнді Алматыда өткен Junior Eurovision ән байқауының ұлттық іріктеуінде және Минскіде өткен негізгі байқауда орындады. Данэлия өзінің қатарластарына сенімділік беру үшін арнайы осындай форматта сөздерін жазуды сұраған екен. Бұл әнге түсірген бейнебаяны да жарыққа шығып үлгерген.

Сүйікті әншісі, сүйікті әні


Күнде әртүрлі жанрдағы, соның ішінде Beyonce, Ariana Grande, Monatik-тің әндерін тыңдағанды жақсы көреді. Осы уақытқа дейін орындаған әндері: "Басқалар" (2016), "Ғарыш" (2016), "Өзіңе сен" (2018) және осы әндерге бейнеклип те түсірген.

Марапаттары

2015 жыл - "Аялаған Астана-2015" балалар музыкалық байқауында бас жүлде және «Көрермен көзайымы» номинациясы;

2017 жыл -"Балалар даусы" (Украина)

2017 жыл - «Еуропаның үміті» халықаралық байқауында бас жүлде (Ресей)

2018 жыл - "Халықтың сүйіктісі" мемлекеттік сыйлығы (Қазақстан)

2018 жыл - "BraVo" сыйлығы (Ресей)

2018 жыл - "Junior Eurovision 2018" іріктеу турында бас жүлдені қанжығасына байлады.


0 Пікір Кіру