Безеуден мәңгілікке қалай құтылуға болады? - на woman.bugin.kz
Алашұлы - на woman.bugin.kz Алашұлы

Бұл мәселе барлық адамда бар. Иә, біз угри туралы айтып жатырмыз. Кейде осы пәледен құтылу мүмкін емес секілді көрінеді. Қазіргі таңда одан құтылуға көмектесетін әр түрлі процедуралар бар. Көбінесе олар қымбат салондарда жасалады

Қалай ойлайсыз, үй жағдайында угриді кетіруге бола ма? Оның қосымша жолдары бар ма?

Иә, шешім бар. Назарларыңызға тиімді әрі өте ұтымды тәсілдерін төменде ұсынамыз. Небәрі 5 минутта сіз теріңізді ол дақтардан тазалайтын боласыз.

Бетіңізге сол безеулер не үшін шығатынын және одан құтылуға көмектесетін заттар жайлы білгіңіз келе ме?

Ендеше бұл мәселенің түбіне үңіліп көрейік. Безеу деген ол комедондардың бір түрі. Олардың пайда болу себебі былай: терінің дем алатын тесіктері өлі клеткаларымен толып қалады. Тері дем алмағандықтан, дәл сол жер ісе бастайды.

Осы процестің арқасында химиялық реакция болып, қара түс пайда болады. Сондықтан олар адамның бетінде қара түсті дақ болып көрініп тұрады. Осылайша жаңа қара нүктелер пайда болады.

Безеулер әр түрлі факторларға байланысты шығуы мүмкін. Әдетте, олар балиғат жасында шыға бастайды. Себебі адамның терісі көптеген әртүрлі гормондық өзгерістерге ұшырайды. Басқа себептеріне менструация, жүктілік, стресс, тершеңдік, алкогольдік ішімдік қолдану, кофеин және темекі жатады.

Иә, бұл темекі тастауға тағы бір мықты себеп десек болады.

Есіңізде болсын, тері бетін дұрыстап тазыламағандықтан немесе майлы қоспаларды ретімен қолданбағандықтан да безеу шығады.

Кейде, біз безеу деп ойлаған нәрсе анығында безеу болмай шығады. Қалайша дейсіз бе, жарайды, түсінідіріп көруге тырысайын.

Егер жақсылап айнаға қарасаңыз, мұрныңызда кішкентай безеуге ұқсас қара түсті нүктелер байқайсыз. Негізінде ол небәрі Sebaceous filaments. Ол не дейсіз? Ол – тері бетінде орналасқан терінің майымен бітеліп қалған тесіктер. Сол үшін оны безеумен шатастырмаңыз. Ол қалыпты жағдай.

Безеулер үлкендеу, бетінде қара түсті анық көрінген дағы бар, дөңгелек пішіндес, қаттырақ болса, Sebaceous filaments деген сарғыштау және жұмсақ келеді. Теория жеткілікті деп ойлаймын. Әрі қарай тәжірибеде сол безеулерді қалай тазалауға болады, сол жайлы айтайық.

Егер осы мәтінді оқып отырсаңыз, безеу көбінесе бетке, иек астына тіпті еріннің маңайына шығатынын жақсы білесіз. Бірақ, жиірек олар мұрынның үстіне орналасады.

ЛИМОН ЖӘНЕ ТҰЗ

Теріні безеуден тазалаудаың өте ұтымды тәсілдердің бірі – бетке арналған тұз бен лимон қосылған жылдам маска. Қалам алып осы оңай рецепті өзіңізге жазып алыңыз.

Сізге 1 ас қасық тұз, жарты шәй қасық лимон суы және 1 ас қасық таза су. Осылардың бәрін бір құтыда жақсылар араластырып, безеу бар жерге 2-3 минут жағыңыз. Ең дұрыс жолы, безеу үстіне дөңгелетіп жаққан дұрыс. Осылайша сіз оны теріге дұрыстап сіңдіресіз.

Маска кепкенге дейін 10-15 минут күтіңіз. Кейіннен бетіңізді жылы сумен жуыңыз. Одан кейін бетіңізді салқын сумен жақсылап жуыңыз. Сонда тері тесіктері жабылады.

Процедураны біткеннен кейін бетіңізді кремдеуді ұмытпаңыз. Осындай масканы аптасына 1 рет жасап тұрыңыз. Сонда нәтижелері сізді қуантатын болады.

Лимон - бетті тиімді тазалауда қолданылатын мықты құралдардың бірі болып есептеледі. Сондықтан, ол көптеге скраб, маска құрамдарында қолданылады.

Лимон құрамындағы қышқылдар тері тесіктерінің аузын қысқартып, қара нүктелерді жойып қана қоймай, тері ауруларының алдын да алады.

Алайда әдеттен көп қолданып қоймаңыз. Абай болыңыз. Мұндай маска сезімтал тері мен өте құрғақ теріге қолданылмайды.

Ал терісі құрғақ немесе өте сезімтал адамдарға арналған безеуді кетіру шешімдерін жазайық па? Ойыңызды білдіріңіз. Егер, қолдайтындар көп болса, жазамыз.


0 Пікір Кіру