Маникюрдің шығу тарихын білесіз бе? - на woman.bugin.kz
Алашұлы - на woman.bugin.kz Алашұлы

Қыз-келіншектер үшін сау әрі әдемі тырнақ күтімі маңызды. Қазіргі таңда сұлулық әлемінде тек қана тырнақ күтімі ғана емес, қол терісінің де әсемдігін маникюрге жатқызады.

«Маникюр» сөзі  француз тілінен аударғанда «қолға күтім жасаушы» деген мағынаны білдіреді.

Маникюр қашан және қай елде пайда болғанын ешкім дәл айта алмайды, бірақ ол Ежелгі Египетте Клеопатраның сұлулығы, оның тері, шаш пен тырнақты күтіп ұстау тәсілдері туралы аңыздарымен бірге жеткен. Тырнақ күтімі мен бояу Клеопатраның дәуірінен бастау алады. Клеопатра заманында ұқыпты тырнақтар адамның бай-дәулетті екенінен хабар беріп тұратын болған екен.

Маникюрдің пайда болуына қатысы бар деп келетін тағы бір қызықты жайт кездеседі. АҚШ-та тіс дәрігері болып істейтін жұмысшы, әйелінің тырнағын тістейтін жаман әдетінен арылту мақсатында ойлап тауыпты. Жиі тырнақ тістелеп тастайтын әдетті тырнақ бетін акрильмен бояу арқылы тоқтатқан.

Ең алғашқы тырнақ шеберлері қашан пайда болды?

Алғашқы тырнақ шеберлері – Нианххнум мен Хнумхотеп. Олар біздің эрамызға дейінгі 2400 жылда өмір сүрген.  1964 жылы Египетте жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде онда «фараон тырнақ шеберлері мен күтушілері» деп жазылған.

1917 жылы алғаш рет АҚШ-та нағыз лак ойлап табылды. Түсі қызғылт болатын. Бұл жаңашыл сән қыздар арасында үлкен жаңалық болды. 1925 жылы тырнақ шеберлері лактың түрлері мен оны кетіретін сұйықтықты ойлап тапты. 80 жылдары тырнақты жасанды жолмен өсіру әдісі пайда болды. Сұлулық индустриясында тырнақ күтіміне қатысты өнімдер сапасына, түсіне қарай күн санап артып келеді.

Ал Ежелгі Қытайда ұзын тырнақтар сұлулық емес, даналық ретінде есептелетін болған екен. Дегенмен, қазіргі сән әлеміндегі жаңашыл өзгерістер тым ұзын тырнақтың сәнде емес екенін хабарлайды.


0 Пікір Кіру