Тәжікстан билігі ұлттық дәстүрлерге жат киімдерді сатуға тыйым салмақ - на woman.bugin.kz
Мирас - на woman.bugin.kz Мирас

Тәжік бауырларымыздың не ойлағаны бар

Тәжікстан шетелден "ұлттық мәдениетке жат" киім әкелуге және сатуға тыйым салғысы келеді. 

Бұл туралы "Ахбор" басылымы ғаламторда жүрген президент аппаратының басшысы Озода Рахмонның 2019 жылдың 29 шілдесіндегі Үкіметі отырысының қол қойған хаттамасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Ұлттық мәдениетке жат киім" деген тұжырым нені білдіретіні хаттамада нақтыланбаған. "Құпия" белгісімен белгіленген құжатты орындау ІІМ, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік дін, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды реттеу комитетіне, Мемлекеттік әйелдер мен отбасы істері жөніндегі комитетіне, Кеден қызметіне, Исламтану орталығына, Ислам орталығының ғалымдар кеңесіне және басқа да орталық және жергілікті билік органдарына тапсырылды. Тәжікстан Үкіметінде әзірге бұл ақпарат туралы ресми түрде түсініктеме берген жоқ.


0 Пікір Кіру