Олардың дәмін өмір бойы татпай кетерміз, бірақ қалталарыңыз көтерсе... мархабат - на woman.bugin.kz
Plumeria - на woman.bugin.kz Plumeria

Ең... ең... ең... қымбат тағамдар

ЕҢ ҚЫМБАТ ШАЙ

Әлемдегі ең қымбат шай Дахунпао деп аталады, аудармасында «үлкен қызғылт халат» дегенді білдіреді. «Үлкен қызғылт халат»  Тяньцинь монастырының жанында өсетін 6 бұтаның жапырағынан алынады. Бұл ерекше бұталардың жасы – 350 жыл. Жылына 500 грамнан шай жиналады, дайын өнімнің бір келісінің бағасы 685 000 долларға дейін барады.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ЕТ

Ең қымбат ет – мәрмерленген сиыр еті, нақтырақ айтсақ, Жапониядағы Вагю тұқымды ірі қараның еті. Бұл сиырлар тек Жапонияда ғана өсіріледі. Жапондар оларға құрметпен қарап, шөптің ең құнарлысын береді, астын күн сайын сәкемен сүртеді, сырамен суарады. Ірі қара етінің бір келісі, шамамен, 750-1000 доллардың арасында. 

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ЖАҢҒАҚ

Әлемдегі ең қымбат жаңғақ – бұл макадамия. Макадамия бір кездері австралиялық аборигендер үшін негізгі тағам болған. Оның бір келісі тарихи отанының өзінде 30 долларға сатылады. 

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ УЫЛДЫРЫҚ

Әлемдегі ең қымбат уылдырық қара уылдырық дерсіз. Бірақ олай емес. Тіпті, сирек кездесетін сұр уылдырық та емес. Ең қымбаты – Ираннан экспортталатын альбинос ақсерке (белуга) балығының «Алмас» атты уылдырығы. Таза алтыннан жасалған құмыраға салынған уылдырықтың бұл түрінің 100 грамы сатып алушыға 2000 долларға беріледі.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ДӘМДЕУІШ

Әлемдегі ең қымбат дәмдеуіш – запырангүл (шафран). Нағыз запырангүл – крокус тұқымдас өсімдік. Жарты келі дәмдеуішті алу үшін 225 000 аталық қажет. Бір келісі, шамамен, 6000 доллар тұрады.

ЕҢ ҚЫМБАТ МАЙ

Әлемдегі ең қымбат май – арган. Аргания Мароккода өседі. Оны ажырату өте оңай. Бұл ағаштың жапырақтары - жергілікті ешкілердің сүйікті тағамы. Ол үшін олар, тіпті, ағаштарға өрмелеп кетуге дайын. Жемістер сыртқы пішіні жағынан зәйтүнге ұқсайды. Мұндай майдың 100 мл үшін сізге 250 еуро беруге тура келеді.

ЕҢ ҚЫМБАТ СҮТ

Тышқандардың сүті – әлемдегі ең қымбат сүт. Оның құны литріне 22000 доллардан асады. Мұндай сүттің бір литрін алу үшін шамамен 4000 тышқан «сауылуы» керек. Оның сүті медицинада қолданылады. Аналық тышқандардың сүті адамдағы ақуыз лактоферринді синтездейді, ол бірегей фармакологиялық препараттарды өндіру кезінде қолданылады. Құрамында тышқан сүті бар дәрілер қан құйылудан кейінгі қантүзілімін жақсартады.

ЕҢ ҚЫМБАТ ІРІМШІК

Есектің сүтінен жасалатын Pule ірімшігінің келісі $1 280 бағаланды. Бұл әлемдегі ең қымбат ірімшік рейтингісінде бірінші орынға ие болуға мүмкіндік берді.

ЕҢ ҚЫМБАТ ШОКОЛАД

Әлемдегі ең қымбат шоколад «Chocopologie by Knipschildt» деп аталады. Оны АҚШ-тың «Knipschildt Chocolatie» атты фирмасы өндіреді. Әрине, бұл – қара шоколад. «Chocopologie by Knipschildt» бір фунты үшін (453 грамм) 2600 доллар төлеуге тура келеді.

ЕҢ ҚЫМБАТ ШЫРЫН

Әлемдегі ең қымбат шырын – Нони, көптеген пайдалы қасиеттері бар аттас экзотикалық жемістерден өндіріледі. Қалың күрең шырыны көңіл-күйді айтарлықтай жақсартып, гипертония және күйзелістен арылтады, сонымен қатар әл-ауқатты жақсартады. Нони жемістері оңтүстік Тынық мұхиты аймағында кең таралған лимон жапырақты Моринда ағаштарында өседі. Шырын қорабы (көлемі бір литр болатын төрт бөтелке) 200 доллардан тұрады.

misstits.co

 


0 Пікір Кіру