Гүл сыйлаудың этикасы қандай? - на woman.bugin.kz
Алмас - на woman.bugin.kz Алмас

Әлемде "гүлдер тілі" деген ұғым бар

Әдетте, гүлдердің түсі мен саны өте көп нәрсені білдіріп тұрады. Егер сіз біреудің адал жары, біреудің ақ боз атты ханзадасы (жігіті) болсаңыз, гүлдердің тілін еркін меңгергеніңіз жөн.

Қыздар қауымы тарту еткен гүліңіздің міндетті түрде түсі мен санына қарап, сіздің ойыңызды сөзсіз біліп қоятыны жасырын емес. Гүл шоқтарын сыйлаудың өзіндік этикасы бар. Ендеше, бүгінгі жазбамыз гүл тілін түсінетін серіге айналуыңызға көмектеседі.

Әлі бүр жармаған ақ раушанды "Мен сізді жақсы көремін, бірақ сіз тым жассыз" деген ойды жеткізерде сыйлайды. Сондай-ақ, тұрмыс құрмаған қызға қандай гүл сыйласаңыз да, толық бүр жармаған гүл болғаны абзал.

Сіз сүйген ару жалғыз екенін білдіргіңіз келсе, қызыл түсті бір тал гүл ұсыну арқылы ойыңызды жеткізе аласыз.

Сүйіктіңізге бес тал гүл сыйлау  «Мен сені сүйемін» деген жүрегіңіздің үнін жеткізеді.

Бір шоқ гүлдің ішіне ақ пен қызыл раушандарды араластыра қойып сыйласа «Жүрегімнің жартысы» деп қабылданған.

Әріптестік, достық пейіңізді білдіру мақсатында 9 тал гүл ұсынғаныңыз жөн. Достық пен сыйластықты білдіре алатын бірден бір дұрыс таңдау – ақ раушан гүлдері.  

Ежелден махаббаттың нышаны болып келе  жатқан қызыл раушан гүлдерін тек үйленуге ұсыныс білдірерде ғана емес, әр мерекеде сүйіктіңізге сыйлауға болады. Әлдебір аруға деген ыстық махаббатыңызды қызыл раушан сыйлау арқылы түсіндіре аласыз.

Гүл сыйлауда  сәтсіз сандардарды да біле жүрген жөн. Гүлдің санын өзіңіз жақсы  көретін адамға дәл 13 етіп беруге болмайды екен. Оның сыры 13 сәтсіз сан есептелгендіктен. Жұп санды гүл сыйлау негізінен өлім тілеу белгісі ретінде қабылданған. Мұның себебі, жұп санды гүлдерді қабірге ғана апаруда жатыр.


0 Пікір Кіру