Қазақстан: Билік басындағы әйел адамдар - на woman.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на woman.bugin.kz Қаракөз Амантай

Түрлі саланың тізгінін ұстаған нәзікжандылар

2000 жылы БҰҰ-ның мыңжылдық декларациясы қабылданды. Бұл жердегі 8  мақсаттың бірі гендерлік саясатты қолдау болды. Гендерлік саясаттың мақсаты барлығымызға мәлім, яғни әлеуметтік жағдайда әйелдер мен ер адамдар қызметінің теңдігі. Жалпы, қазақ халқы ер адам әйел адамнан бір саты жоғары болу керектігін айтады. Дегенмен XXI ғасыр қыздардың билікке, саясатқа араласып, мансаптық өсуіне қолдау көрсетуде. Қазіргі уақытта Қазақстан гендерлік саясаттың теңдігі бойынша 200 елдің арасында 51-орынға шықты. ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Парламент мәжілісінде әйелдер үлесі - 27,1%, 10 жыл ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті. Саяси мемлекеттік қызметкерлердің 9,7%-ы әйелдер. Қазақстандағы гендерлік саясатты дамыту керек, себебі билік басындағы, саясаттағы азаматшалар саны әлі де аздық етеді.

Дариға Назарбаева

Жыл сайын Қазақстанның ең ықпалды әйелдерінің рейтингісінде бірінші орынды Дариға Назарбаева иеленіп келеді. Ол медиаменеджерден бастап сенаторға дейінгі қызметте жұмыс атқарды. Сонымен қатар, өзінің қайырымдылық және ЕАЭО-да Euro news жобасын іске асырды. Сондықтан көпшілік Назарбаеваның болашағына қызығушылық танытып отыр. Қазіргі таңда Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, сонымен қатар елдің қоғамдық-саяси өміріне араласа отырып, қоғам белсендісі атанды. " Ерлер " комитетін басқара отырып, қысқа мерзім ішінде әйел адамның қоғамда алатын орны мен теңдігі туралы түсінікті барлығына дұрыс жеткізе білді.  



Гүлшара Әбдіқалықова

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақсатнның мемлекеттік хатшысы. Ол әртүрлі бағыттарда, әсіресе гуманитарлық жағынан белсенді. Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшының нұсқауларына байлансты елдің ішкі және сыртқы саясаты бойынша ұсыныстар мен тапсырмаларды дайындайды. Ол сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық даму, отбасылық-демографиялық саясат, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі қызметтерде де белсенді. Батыста Мемлекеттік хатшының рөлі өте құрметті және жауапты. Қазіргі таңда қоғам Гүлшара Әбдіқалықовадан саяси және азаматтық белсенділікті күтеді.


Гүлжан Қарағұсова

Қазақстандағы тағы бір көрнекті саясаткер әйел —  Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова. Балалар үйіндегі жағдай, медицина қызметкерлерінің төмен жалақысы туралы мәселені көтерді.

Гүлжан Қарағұсова-нәзік әрі экономика жағынан өте сауатты адам. Экономика саласы бойынша ондаған кітаптың авторы, кейде гуманитарлық тақырыпта жазатын шығармалары да бар. Қарағұсова – сезімтал әрі өткір, тік мінезді әйел. Кез келген жерде ойын ашық білдіріп, өзіне ұнамаған дүниені тіке айтады.



Тамара Дүйсенова

Тамара Қасымқызы Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда Түркістан облысында туған. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары ол жауапты басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі, Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып жұмыс істеді.





0 Пікір Кіру