Балаңды бес жасқа дейін патшадай көр...  - на woman.bugin.kz
Guldana Mukhtarbek - на woman.bugin.kz Guldana Mukhtarbek

Қазақи тәрбиенің нейробиологиялық дәлелі

2-7 жас аралығы баланың ең тәтті кезеңі болып саналғанымен, көп жағдайда ата-аналарының түсінбеушілігін тудырып жатады. Балалар бұл кезеңде өз әрекеті мен сөздерін ойланып айтпайды, бір уақытта бірнеше іспен айналыса алмайды және эмоцияларын басқаруға да қауқары жоқ. 

Бала өзінің әсіре өзімшілдігі мен тәртіпсіздігі ата-анасын шаршатуы мүмкін. Ал ұлттық тәрбиемізде айтылғандай, баланы 5 жасқа дейін патшадай көр деген түсініктің мәні неде? Баланың шалалығының ғылыми түсіндірмесі бар ма?

Енді осы сұрақтардың жауабын нейробиологиялық тұрғыдан жауап беруге тырысайық:  

1. Баланың миында белсенді даму процесі жүріп жатыр. 1-3 жас аралығында баланың миында 100миллиард нейроннан 1000 триллионға дейін жаңа нейрондық жолдар пайда болады екен. Ал жаңа нейрондық жолдар пайда болуы үшін балалар әлемді танып, барынша көп тәжірибе жинауы тиіс. Ол дегеніміз, бала Абай атамыздың айтқананындай «ол немене?», «бұл немене?» деп әр нәрсені көруге, білуге құмартады. Қолға түскен затты ұстап, иіскеп, дәмін татып, түсінуге тырысады.

Табиғат аясында еркін ойнаған кезде жәндіктермен, құстармен танысады. Әрбір жаңалық, әрбір қимыл-әрекет баланың миында жаңа нейрондық жолдарды өсіреді. Күн сайын ағза мен мида күрделі биохимиялық процестер іске асып жатқандықтан балалар өте шапшаң, кейде ашушаң болуы да мүмкін. 

2. Баланың өз эмоцияларын басқаруды үйренуі де миының дамуымен байланысты екен. Адамның эмоциялары «өмір сүретін» бадамша миы қаншалықты дамыса, соншалықты салмақты, керек кезде ашық та ақкөңіл болады. Ал бадамша миының дамуы үшін баланың жақындары оған барынша мейірімді болуы керек. Ғалымдар бадамша миын адамның айнасы деп бекер айтпайды, яғни, біз баламызға қандай қарым-қатынас көрсетсек, олар да бізге тура солай жауап қайтарады. Осылайша бала өз эмоцияларын басқаруға тек қана 5-7 жас аралығында қол жеткізеді. Айы күні жеткен кезде баланың өмірге келуі сияқты, жасы жетіп миы белгілі бір даму кезеңінен өткен кезде ғана бала өз сезімдерін басқаруды үйренеді екен. 

Осындай ғылыми зерттеулерге қарап, қазақ танымындағы "балаңды 5 жасқа дейін патшадай көр" деген өсиетінің ғылыми мәнін жақсырақ түсінесің. Қазақи тәрбиенің баланың салауатты дамуының барлық факторларын ескергеніне көзімізді жеткіземіз. Ал кішкентай бүлдіршіндер бізден мейірім мен махаббат күтеді және айналасын еркін зерттегісі келеді. 

Егер ата аналар мен тәрбиешілер осы екі нәрсені бере алса, баламыздың толыққанды азамат болып жетілуіне қосқан үлесіміз болады.  

0 Пікір Кіру