Жаңа жылдың жұлдызы болыңыз: Қыздарға арналған кешкі макияж - на woman.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на woman.bugin.kz Қаракөз Амантай

Жаңа жылдық макияж

Жаңа жылдық кеште киімге ғана емес, сонымен қатар бет-әлпетіңізге де ерекше көңіл бөлгеніңіз жөн. Себебі кештің сәнін кіргізетін де, кермет көңіл-күй сыйлайтын да арулар қауымы. Сондықтан өзіңізге ыңғайлы әрі жарасымды макияжды ертерек анықтап алғаныңыз жөн. Ендеше бүгін сіздермен Жаңа жылдық кешке арналған үздік макияж идеяларымен бөлісеміз.

Жаңа жылдық кешке күндізгі макияжбен бара алмайтыныңыз белгілі. Әдетте күндізгі макияждың ерекшелігі декоративті косметиканы қолданғанда бəсең, жұмсақ түстерді таңдау. Күндізгі макияж кешкі макияжға айналдыруға ыңғайлы болуы керек. Себебі жұмыстан кейін жуынып, киініп, қайтадан макияжды жаңартуға уақыт жетпей жататын кездер болады. Кешкілік макияжды тез әрі дұрыс жасай білуді үйрену өзіңізге үлкен көмек болары анық. Ол үшін қажетті құралдар: крем немесе база (бет терісін жұмсартуға көмектеседі), тональді крем, түзеткіш құралдар, қасыңызға арналған арнайы тень, ерніңізге далап, көзіңізге арналған түрлі түсті күнделікті және жылтыр (пигментті) тень, тушь, қарындаш.

Есіңізде болсын әдемі боламын деп, шектен тыс боянудың қажеті жоқ

Кеште бет терісінің тегіс болуына назар аударыңыз. Егер сұлулық салонына баруға уақыт таппасаңыз, үй жағдайында да бет әрлеуіңізге болады.

Ең алдымен - декоративті косметиканы жағуға теріні дайындау. Бет пен мойынды тоник немесе лосьонмен сүртіп, қажет жағдайда ылғалдандырғыш крем жағамыз. Тері сəл кепкен соң беттегі безеу, дақ, қызарғандарды жасыру үшін түзеткіш құрал жағылады

Сонан соң - тональді крем жағу қолға алынады. 

Осы екі дайындық кезеңінен кейін ең басты кезең - макияж жасау кезеңіне өтеміз. Ең алдымен түсті таңдап алу маңызды. Кешкі макияжға арналған əмбебап көз сүрмелеріне кез келген сұр, күлгін, қара жəне пигментті жылтыр түстер жатады. Қасты бояуға табиғи түске жақын түсті таңдаңыз. Макияжды толық аяқтау үшін бет ұшына сəл қызартқыш бояу (румиян) жаққан дұрыс. Оны қалың кистьпен жаққан ыңғайлы.

Соңғы қадам - опа жағу жəне ерінге далап немесе жылтыр жағу кезеңі. Оны күні бойына жаңартып отыру керек. Əйтпесе терінің майлылығына немесе құрғақтығына байланысты ол өзінің түсін жоғалтады, көрер көзге жағымсыз əсер қалдыруы мүмкін. 

Міне осындай макияждағы қарапайым қадамдар сіздің жаңа жылдық кештегі көңіл күйіңізге оң əсер етіп, табысыңызға сеп болары анық. Есіңізде болсын, кешкі макияж көздің жауын алатындай әсер қалдыруы тиіс. Ал күндізгі макияжда ең бастысы табиғи түстерден алыс кетпеу керек, сонда күндізгі макияж барынша шынайылығымен көз қуантатын болады.

0 Пікір Кіру