Эльфрида Елинек. Нобельдік лекция - на woman.bugin.kz
Runa academy - на woman.bugin.kz Runa academy

Стогкольмдық сөз. Шеткеріде

Біз осы шындыққа үйлесімді еніп кете алудың икемділігін айқын етіп жаза алдық па? Оған, сіңіп кете алу қуаныш әкелгенімен, менің жағдайым не болмақ? Шындықпен бетпе-бет келу бұйырмағандар ше? Шындық дегеніміз умаждалған әрі ұйпа-тұйпа күйде болады емес пе? Абалақ-сабалақ ақиқатты жөнге келтірер тарақ та жоқ. Түстерінде шындықтың күтімге келген түрінен шошып оянатын ақын-жазушылар, әлдебір шаш үлгісін жасағысы келіп оның бұрымын жұлмалайды. Сырт келбеті қисынсыз қалыпқа түсері сөзсіз. Жоғарыға қарай таратылған шаштардан әлдеқалай әдемі мұнара тұрғыза қалса, олары арман сарайының бір бөлшегі бола алмай, шындықтың асаулығы құрық бойлатпай кетеді. Икемге көнбеген шаш талшықтары көзіне түсіп әуре етеді. Айналасындағы жағдайлар оның төбе шашын тік тұрғызуы мүмкін. Олардың көне қоюы екіталай. Ештеңеге де мойынсұнбауы ғажап емес. Тісі ең өткір деген тарақтың өзі де бұл нәтижеден асып түсе алмас! Артық қылам деп тыртық қылып алуыңыз әбден мүмкін. Айтпағымыз, болып өткенді қаз-қалпында жазу дегеніміз, саусақтардың арасынан сусыған құм секілді, уақытты зая жою болмақ-өмірдің қайта оралмас шақтарын отқа тастаумен бірдей. Өмірдің өлі кезеңі өте шыққанда жоғалтарына яки жоғалтқанына бола ешкімнің әуре-сарсаңы бой көтермес. Өлілер туралы айтпай-ақ, бұл жоғалған уақыттың да, қос аяқты пенденің де қаперіне кіріп-шыққан жоқ. Жазып отырған сәттер өзге қаламгердің кітабына сыйып кете алады. Уақыттың уысына сыймайтын нәрсе болған ба: сені мен өзге қаламгердің жұмысына бірдей қызмет ету мүмкін, аңдаусызда соққан шындықтың самалы оның шашын ұйпа-тұйпа қылып кетері сөзсіз. Бәрі де сол жалқы уақытты тастап, шындық атаулыдан өзге бағытты бетке ала бастайды. Қайда болса да тек оған қарай емес. Шындық дегеніміз құдды ойнақтаған жел сынды, жолындағысын жайпап қайда екені белгісіз бағытқа тартып отырады. Оны желкелеп біресе анда, біресе мында сүйрелейтін ақынға шындықты ұғу қайда? Әрине ол жерде бәрі тайға таңба басқандай, сондықтан оған орын міндетті түрде табылады. Орны да әркез сыртқары. Шеткері жүріп айтқан екіұдай сөздеріне көпшілік құлақ түреді. Міне алдымызда екеуі де үйлесімді, екеуі де орынды, және екеуі де ештеңе болмағаны мен екі мағынасындағы жеткіліксіз тұжырым іздеген, өткір тістерін жоғалтқан тарақ сынды, ойларын алға тартады. Немесе-немесе. Ақиқат пен жалған. Ерте ме, кеш пе, осылай болатын еді, бұл орайда ештеңе шықпайтынын мойындауымыз керек. Түпсіз шыңырауда бірнәрсе құрастыру ақылға сыймайды емес пе? Барлық сусымалы, тұрақсыз, бәрінен, көзіне түскеннің бәрінен ақындар негіз іздей бастайды. Алайда бұлардан айналып өту әбден мүмкін болса да. Олар барлығын қаз қалпында қалдыруына болады, және солай жасайды. Ол ештеңенің тамырына балта шаппасы белгілі. Осының бәрін өздерінің бұлыңғыр көзқарастарының елегінен өткізеді. Дегенмен бұлыңғыр көздер оларды кез-келген жерде сарсаңға сала бермейді. Олардың тұжырымдары бір арнада тоғысады. Бұл тұжырымға негіз болған дүние жай-жайдан таңдап алынбайды; өзгелердің көкжиектері аттап өткен аталмыш дүниежайлы ақырғы тынысында да бірнәрседен хабар береді; ақынның көзі түскен дүние туралы өзге пікір болуы мүмкін деген қисынсыз. Бұл дегеніміз көп нәрсеге көз жұма қарап, әсіресе айқын емес талқыны ортаға салмау керек еді дегенге әкеп тірейді. (Бұл туралы еппен айтуға да блуыш еді ғой). көпшілігі бұл тұманға белшеден батқан. Құдды белуардан құм кешіп жүргендей. Бұның астарында белгілі негіз жоқтығы, оны негізсіз деп атауға әкелмейді. Себепсіз, кез-келген болуы мүмкіндігі оған деген сүйіспеншілікті тұтатады деген емес.

Қаламгер өзінен алыста жылжып жатқан тіршілікке сырттай қарағанымен, ұстанымын өз алдына өмір деп қарау керек. Әйтпесе, біздер адамзат лық толы өмірді сүрмес те ек. Ол сен жоқ жерде айналшықтап жүр. Өз өмірінің жолын жоғалтып алғандарды, тіпті де төзе алмағанна емес, жолдан-бәтеңкенің шаңын құлшына сүрткендей, үйіне келгендерден құтылғуға асыққандардай құлшына да емес шығар-тайқығаны үшін сөккеніміз дұрыс па? Бұл не шаң болды? Ол радиактивті ме әлде жай активты ме? Бұны тек жолына белгісіз жарық қалдырғасын сұрағаным ғой. Қаламгерден өзінің тыс екенін яки онымен бір тоғыспайтын жол барын байқай ма- әлде кеңістіктен тайқып жүрген қаламгер ме? Арғы дүниеге аттанбаса да, бәрінен шеткері кететіні рас. Ол бір-біріне қатысты өзгелерге тк соларға тән біркелкілікке сан түрлі бояу бермекке немесе жаңа форма енгізу үшін сол орнынан бақылайды, не дегенмен форма арқылы бақылау ыңғайлы. Оның бұл батыл қадамына төзе алмағандары есігінің сыртын бормен белгі салады; демек оның жолы жарқырауық ұнтақпен емес бордың ізімен белгіленгені ғой. Не болса да бір мезетте барлығының көзін қалай ашса, солай ізін суытып та үлгеретін өзі. Мүлдем бұл әлемде болмағандай. Бұл туралы ол теледидарлардан, қан жуған аурудан тыжырынған беттер арқылы, гриммы қалың жағылған беттердің күлкілерден көріп, телешоуларда әрдайым дұрыс жауап қайыратын силикон еріндер мен табиғатына жақтыр бір сембейтін әйелдердің ернінен, өзінің жаңадан қатайтқан омырауын паш етуге тұрған еш күнәсіз әйелдер арқылы хабардар. Сасыған ауыздың иісінен де өткен сөздер шығып жатқан жүз жұтымнан да естіген. Міне, егер сен онда болып көрмесең жолай кез боларың. Сен оған жол бересің. Алыстан жалғыздығыңнан оған көз тастап, көруге болмаса жүріп өтуге құлқыңыз жоқ жолға тамсана қарайсыз. Әлгі жолдардан бір тықыр естіледі. Тек көзге ұрған жарық пен адамдардың шулы даурықпасынан бөлек, осылай белгі беретіндей. Жан баласы басуға болмайтын жол жаһанды жайлаған бүгінгі күнгі: азаптау, қылмыс, ұрлық, зұлым мәжбүрлеулер, қасақана зардаптар сынды қарама-қайшылықтардан көріп тұрып, ешкім өзімен жүре қоймас деп қорыққаны ма? Жолдың барлығына маңғаз қалыпта. Негізсіз болса да жолдар барлық азапты қасқая көтере біледі. Іргетасы мүжіліп, үгілген негізде тұрса да. Менің төбе шашым тік тұрғанда еш қатырғыштың көмегі болмайтынын айтқан болатынмын. Менде де беріктік жоқ. Ішкі де, сыртқы да. Тысқары жүргенде жол іргесінің сен жақ бетінде болуы ықтимал тұңғиықтан аттап өтіп, тағы да, тағы да қадамдар жасауға дайын жүруің керек. Сол жерлерде аранын ашып анағұрлым тереңге тартатын қақпандар жасырыулы. Көңіліңді баурайды да, өз тереңіне алып жығады. Жоқ, мен өзім жүріп келе жатпаған жолды көзден таса қылғым келмейді. Менің қалауым оны лайықты, нақты сипаттау. Егер назарым оған ауған болса, бұдан бір қорытынды шығаруға болады деген сөз. Бірақ бұл жол мені аямады. Таңдау жоқ. Не істеуім керек? Не жолмен бойлап кете алмай, не алыстай аламасым анық. Байырғы орнымнан тапжылмастан кетемін. Бірақ ол жерде де мына мен тұрған үміт әпермес қыртыстардай, жеке қорғансыздығымнан сақтануым шарт. Жанымда қорғап қана қоймай маған үміт сыйлар, әрекетімнің дұрыс –бұрыстығы мен шындыққа қаншалықты қате пікірмен қарайтынымды торуылдап сөздерім жүреді. Өйткені менің сөздерім шындықты суреттеп бере алмайды. Олар жалған айтады! Сосын мына тыныштықты күзеткен итім, яғни менің сөзім, мені қорғауы тиіс поэтикалық тілім өзіме тарпа бас салады. Қорғаушым балтырымды қанатпақ. Менің жалғыз сенерім, өзгелерге мен туралы жақ ашқызбас, тек айналадағы болмысты айтуы тиіс менің тілім, менің сөздерім, менің жалғыз сүйенерім өзіме қарсы тіс қайрауда. Қорғанышым болып көрініп кесе көлденең шығуға жаралғаны ма сонда. Мен сөздерден, хаттардан пана іздедім, енді бірақ қимылы мен ырғағынан тірегім деп тауып жүрген жол бастаушы сөздерім сенімге селкеу түсірді. Тапжылмай сенген едім. Бүркене түскен сайын көлденең көк аттыға сырыңды қолжау қылатын бұл неғылған бетперде?

Сөздерім кейде осы жолға тап болады, бірақ одан тайқып көрген емес. Қаласаң да, қаламасаң да сөздің шындығы, жөн-жосықсыз үдеріс. Сөздер өз қлауларын біледі. Оларға жайлы. Мысалаға, мен мынаны білмеймін, маған есімдер бөтен. Сөйлеу, жалпы барлық ым-ишарат шеті мен шегінсіз, тоқтаусыз ағып өмір жолына жайлайды, дегенмен оны сөз деуге келмейді. Бір орынға аялдағандардың сөзі таусылмайды, өйткені күйкі тірлікті тастап бір сәт дамылдауды ешкім қалаған емес. Олардың бәрін тоғыстырған сол жол торабы. Бірақ мені емес. Ол жерде мені тастап тек шынайы адамдарға бетпе-бет келетін менің сөздерім бар; бағдары айқын жолдарда менен жерінген сөздерім; сөз, құдды адамдардың қимыл әрекетін аңдыған бейнекамера сынды, менің сөздерім өмірдің қыртыстарын зерделеуге тырмысатындай- дегенмен, өзін әлдекімнің бақылауында сезінген сәтте бастап өзі болудан қалады. Өмір деп айтуға келмейтін жасанды әрекеттерді бақылаушының қағаз бетіне түсіруі керек болады. Мысалы, біреу оған профилакикалық тексеріс керек деуі мүмкін. Кенет оның жүзі кез-келген сөзден бас тартуым керек шығар дегендей жүзі сұрланып сала береді... Не жағдай болмасын, мені сөздерім оңаша қалдыратын. Сөздер кетеді. Мен жолсызға тап боламын. Сосын менің сөздерім өзгенің соқпағына қойып кетеді.

Жоқ, тоқтаңыз, олар әлі осында екен. Кіммен күш салытсырып көруге болады деп ыңғайланып әйтсе де мені тастап кетпегендері ме? Назарын маған салған сәттен сөздерім жоныма қамшы басты. Өздерін құдды аттылының құдіреті енгендей, менің еркімді билеп алғылары келеді. Олар мені сүймейді. Олар жолдарында кезіккенің бәріне ұйып тыңдауға құмардай қалып танытады да, қаңғыбас иттердей, жағымпаздыққа барады. Негізінде олардың бәрі де тек маған ғана емес өзгелерге де тым қатал, дегеніне қайта қоймайды. Өз алдарына тірлік кешуде. Жан айқайлары, электр емес күннен қуат алатын жарық шамдардың орнатылмағанын немесе өзі кезіп жүрген мекенге есім берілмегенін көрсе, қою түнді қақ жарып шығуы мүмкін. Молалардың арасымен, өзімнің қайда келе жатқанымды да аңдамай, өзімді мазақ еткен сөздеріме жанұшыра жүгіріп келемін. Бұл тағдырға көндігіп кетсем олардың мені аямасы анық. Маған азап тартқызған болар еді. Жарайды. Адамдардың жолына тұз шаша бастаймын, сірескен мұзді еріту үшін уыстап алып шашамын, сөздерімді тұғырлы негіз ажыратып алмаққа айналдыра төңкере саламын. Оған қоса олар әулден негізінен айрылған. Тәкаппарлығы да тұғырсыз! Мен шықпаған тұрлаулы тұғыр сөздерім бұйыра қоймас. Өздеріне сол керек! Неге менімен бірге сыртқары қалмай, іргесін аулақтатты? Менің көкжиегімнен артыққа ұмтылғандары ғой. Әрнәрсені сөз еткен адамдар тобы қаумалаған даңғыл жолға түспек болды ма? Менің білгенімнен көп білуге тырмысты ма? Онсызда көп білгеніне қарамай, тағы да, тағы да жалмап-жасқап барады. Айналасын тұтас жымқырған менің сөздерім де күлге оранады. Шындыққа қойын-қонышынан тойып біткенде артық кеткендерін түсінеді. Өздеріне сол керек! Тамақты бойларына еш азапсыз сіңіре салады. Сөздерім жол бойындағы мені түйреп алады да, жобалап болсын дыбыс бере бастайды, Тракле Хайдеггерше айтқанда «мергеннің қаталдығымен» бағыт алған сөздер нысанаға дөп тиетінге ұқсайды. Олар атымды атап шақырады, олар алыста қалған маған үн қатады, бұл енді кез-келгеннің қолынан келмек,- батысқа бадалған мені сөздерім алысқа шақырып тұр, нәтижесіз айғай-шуға басамын сондай да, анығында, бәрі де бұлай емес, сөздер мені шақырған емес, жалғыздыққа табыстаған өздері емес пе, сондықтан анда-санла ғана телефон тұтқасының, пейджер немесе ұялы телефонның ар жағынан құлақ шекемді жеп өздерінің мен үшін тырысатындарын, тек соның нұсқауымен қадамбасуымды талап еткен үндерін естимін; сүрінген де қайта тұрып жүгіре алмағанымен, сенуге тұраралық адаммен сөйлесу қисынсыз, мағынасыз болар еді. Маңызы шамалы. Сөздерімнің әңгімелері, анау ыңғайлы соқпақта ( білемін, менің жолсызбен жортып келе жатқанымды, және тегіс жолға табанымды сүйгізгім-ақ келеді) – олардың әр сөзі ақтарлыуға әзір сынды. Жоқ, әлдекімді әңгімеге шақыру емес. Жай ақтарылып қалу. Сол сәттерде олар өздерін тыңдай алады және ағат кеткен жерін жөнге әкеледі, өйткені ақтарылуды кез-келген оңтайлы сәтте түзей салуға болады; сол үшін де ақтарылу шығар-тілдің жаңа ережелерін енгізіп сол мезетте қатеге бас сұғуға болатындығымен әйгілі. Дәл осы менің құтқарылу мәселемнің шешімі үшін ойлап тапқан қитұрқы жоспарым болады, әрине, айтпағым, ең оңай шешім. Қарапайым қақпан. Қымбатты сөздерім, бәлкім маған бір рет құлақ түрерсіздер? Жаңашылдыққа үйрену үшін, ақыр аяғы сөйлеу ережелерін үйрену үшін тығдағандарыңыз абзал... Битке өкпелеп тонымды отқа жақпай, сендерге құшақ ашқанымды қалайтын секілдісіңдер? Мүлдем оралғылары жоқ па десем! Қайтып оралу туралы ым-ишара танытпағандарың қалай, алайда менің оны түсіне қоюым екіталай. Әр қадамымды ілгерілету үшін жырақтайтын сөзге айналдыңдар емес пе, солай ма? Дегенмен оған ешкім кепіл бола алмайды. Мен білетін сендерден кепілдік күтпеймін. Тыңдаңдар, мен сендерді тани алмай отырмын. Өз еріктеріңмен қайт оралмақ ниеттесіңдер ме? Егер мен қабылдамай қойсам ше? Бұйырған кетпес деген. Өткенді қайта оралта алмаспыз. Егер менің сендерден қол үзуім, қалыпты тысқарылығым, дамылсыз шет шығуым сендерді қайта оралтатын жағдайда да, қайта оралып қанатымның астында, өздерінің жағымды әуендерін ащы айғайға ұласып ауаның үзілген жарықшақтарынан шығатын әупілдектің дауысымен салатын болса, ол мені тек алшақтата берген болар еді. Өзегімді жарып шыққан сөздерім мені қайтадан өзекке тебеді. «Ауа кеңістігіндегі молаларға» тесірейе қалған сөздерім жолай лай суды кешіп, егесіне еркелеген жануарлар құсап арқасын төсеп жата қалады, кез-келген жылулық күткен қалыпты сөз маңдайына сипағаныңды тосып жата береді, басқа не болсын? Мен ғана көз тастауға тиісті өлілер ошағына олардың пысқырғаны бар.. менің де оларға қарар шамам жоқ, өйткені-еркеліктен жерге айнап, мейірім күткен- сөздердің мойнындағы шынжырдың беріктігіне жауаптымын. Мәселе, бақылауымда ұстауым тиіс молалардың көптігінде: бізде, австриялықтарда, «біреуге қарау» деген қамқор болу деген сөз. Мен оларға жақсы қарауым керек, біздің танымалдығымызда осы жақсы қарауда жатқан жоқ па? Уайымдамаңыз, бүкіл әлем назары бізде. Қам жемесек болады. Алайда неғұрлым өлілер туралы көп айтсам, со ғұрлым сөздерді ауыздықтау жеңіл тиеді. Мен өлілерге қараймын, ал әлдебір қызықпен жүріп жаз алған біреу көркем сөздерімді аялағанымен, одан о дүниеліктер қабырын тастап тұрмасы хақ. Ешкімнің кәнісі емес. Арқасынан қаққан қолдың бәріне, жағымды бола тұра, сөздерімнің құлдық ұрғанын қаламаймын; сұғанақтанып қалауына қарай сұрамсақтанғандарын емес, өздері қажеттілікке айналып-өзгенің емес, өзімнің мейіріміме бөленсе деймін, әрине, менің ырқыма көнсе, құшағым ашық, сөзіме құлақ асуды білмейді ғой әттең... Олар бағынуы тиіс, өйткені нәрестедей үкілейтін адамдар тәртіп бергенімен өздері бағынуға құлықты емес-ортаға ерікті енуге шақырған сөздердің көзін жойып, маңдайшаларды жыртып, борша-боршасын шығарғандар көп-ақ. Сөздерімнің нақ сүйерлері мен маңдайын сүйіп, арқасынан қағып сеніміне енетіндер көбейген сайын, белгісіз бағытқа сүрініп-қабынып тұра қашамын: менен гөрі асқақ тұтатындардың қолына өзім барып табыстадым, мәңгілікке сөздерімді уысымнан шығарып алдым. Жұмыс құралдарым тұрған жерге қалай жетсем болады? Алайда қайтадан орай салатын шығармын. Анау сыңсыған ағаштар арасынан сығалаған нұр шашыраған жақта ма олар: алдымен, оларды бауырына тартып, кейңн өзінің игілігіне жаратар сөздерім қазір сол жақта ма екен? Әлде тағы да азу тісін ақситты ма екен? Оларға қауып алуға әзір екенін жарты ғұмыр қастарында болған менен өзгелер біле бермейді. Алғашында бәрі де әрбір үйге тән дірменсіз тіршілік иесі ретінде оған сүйсіне қарап шүйіркелеседі. Неліктен әмбеге аян өзгелердей болмасқа? Егер олар ерек туған болғанында үйіне енгізуге жүрексінер еді. Адамзатпен жасасып келе жатырған үйреншікті сөздерге жатырқай қарар дейтін шығар. Өмірден өз түйгені бар-дегенмен бұл оның байыбына барды деген емес, тек дағдылы мақсаттың жолындағы- бейтаныс адамдар кез болған сайын, менің де сөздеріме деген жолым бұлыңғыр тарта бастайды. Miles and more. Бұны назардан өзге кім көрсін? Сөздің көзқарасқа ие болайын дегені ме, көзі жетпеген нәрседен бұрын үн қатпақ па? Сөздер самайын жел сүйіп, боранға қарсы кеп, дауыстарымыз оны жазғырғаннан тыңдауға шама келмей қол созым жерде жатады. Олай болса: тыңдаңыздар! Тыңдағысы келмегендер лепіре берсін, оны ешкім тыңдамайды. Бәрі сөйлеп жатқандарымен ешкім ешкімге құлақ салмайды. Сөздерім мені тыңдамағанымен мені де біреу тыңдайды. Олар жайлы айтылар әңгіме де көп. Сондықтан олар өз алдарына сөйлеп керегі жоқ. Оларды тыңдайды-маңғаз сөйлеу, артынша, белгісіз аймақта әлдекім қызыл нүктені басып қалғанда, айнала бұрқ етеді дейді. Мынаны айту керек: Әулие әке... Дүниеге әкелген мен болғаныммен сөздер мен туралы айтпайды. Мен-отанымның тілін жаратушымын. Туған тілім мені алғашқы күнімнен тастамағанымен, бұған ықпал етер әкем болмады. Тілім, мен мойныдамағаныммен, көбіне өзін орынсыз ұстады. Кінә өзімнен. Әкем туған тілін тастап ғайып болды. Ол дұрыс жасады. Оның орнында болсам мен де мына жерде қалмас ем. Енді оның ізімен ана тілде бара жатты. Жоғарыда айтқанымдай ол жолдың арғы бетінде. Жолды кес-кестеген топты тың-тыңдап жүр. Енді тілім бір Құдайға аян бұрын білмегеніне кез болды. Бірақ көп білген сайын, бұның маңызы да тарыла береді. Әлбетте, ол еш мағынасыз сыбыр-гүбірді тастамаған. Қарманар тал таппаған менің үзік үмітім де теріс айналды. Ешкім мені өзімнен безгенімді көрмеген. Ешкімнің менімен ісі жоқ. Айтпағым, маған назарларын бұра қарағанымен, назардың маған түкіргені бар. Әрбір сөзімнің айтары болуы үшін қалай сөйлеуім керек? Жеке пікірсіз сөйлеу керек пе? Сөздерім жанымда болмағандықтан бірдеңе деу қиын. Олар жолдың ар жағында мен өтінбесем де әлденелерді айтып әлек, бәрақ менің тапсырғанымды қаперден шығарып алғанға ұқсайды. Өзіме тиесілі бола тұра маған келгенде айтарлары қалмаған. Менің сөздерім өзіме ештеңе жеткізе алмаса, өзгеге жете қоюы екіталай. Сонда да, олардың айтары бары даусыз! Менен қанша алыстаса, соншалықты еркін көсіле түседі. Сонда ғана көкейіндегіні жайып салуға, менімен сөз таластыруға батылдары барады. Бірнәрсеге көз алмай ұзақ қараған сайын ол сізден жыраққа ойысып бара жатқандай болады. Өзіңе тартып ала қоямын дегеніңмен, сақтап қалу мүмкін емес. Еркіндікке құлшынғаннан, даралықтың, мен тудырып жоғалтып үлгерген сансыз сөздердің соңынан қуа жөнеледі. Біз жеткілікті түрде сөз алмасып үлгердік, алмасу бағаны сөз үшін сұмдық тиімсіз, ақыры аяғында тек сұмдық деген бірауыз сөз қалады. Бірнәрсе айта қалсам, оның әуел бастан ұмытылғанын түсінемін. Менің түйсігімнің қалауы да осы-ат-тонын ала қашу болатын. Күн сайын менің айтпағым тиымның пұшпағына ілігеді-мыс,сөйте тұра сөз қылмасты сөз етеді. Қатыгездік. Айтылған сөз менің иелігімнен жалтарады. Оның ойы өзгелер: айтылды-істелді-,дегенін есту. Егер сөздерім менімен оларды арамызды жалғар ештеңе жоқ бола тұра, бұрынғысынша маған тиесілі болғанын қалар едім. Өзіме қалай матап алсам болады? Осы өзгелерге ешкім жалынып-жалпаймайды ғой сондықтан мен сөздеріме өзімді ұсынбақ боп шештім. Қайта оралыңдар! Өтінемін, құрметті сөздер, қайта оралыңдар! Бұл даңғылдың ар жағында маған білуге болмайтын құпияларға тойынған сөздер оларды тыңдағысы келмейтін құлақтарға жеткізеді. Бірақ олардың аялдайтын түрлері көрінбейді, менімен тілдесу туралы айтпаса да болады. Сөздердің менен артықшылықтары, көпшілік қауым құмар бос кеңістікті мекен етуінде. Жол деп отырғанымыз бос кеңістік. Мен тіпті бұл аймақтан да аластатылғам. Мен соқпақтан кеткем. Әрдайым іле-шала ғана сөйлегем. Соңымнан ерген қауесеттер толассыз көп, бірақ барлығы да шындыққа жатпайды. Өзімді ғана өкшелеп келемін, бұл дегеніміз: жеке туынды. Айтқанымдай-айтылмаған туынды! Ұзақ уақыттан бері адамдардың сөйлемегені сондай, адамдар тыңдап үлгере алмауда. Егерде осы мен тұрған қырдан қарар болсақ, соңымнан ешкімнің де көлбеу сөз ерте алмасын, айтарға сөз, ұрынарға қара таппасын көреміз. Мен өмірге ізінен қарап тұрғандаймын, тіпті сөздерім де маған арқасын тосады, өзгелерге тік қараса, мен оның тек, егер көре алған болсам, желкесінен шоқыраямын. Кейде мен оларды арғы беттен ұшырата алмай қалам да: «айтқандай» дегенді, алдын айтып келгеніммен, айтудан қаламын, өәткені сөздер менен кеткелі қашан? Кейде мен олардың жон арқасын көзім шалады немесе әлі тепе-теңдік сақтап жүріп үйренбеген өкшелерін, дегенмен олар менен анағұрлым алда келеді. Мен бұнда не істеп жүрмін? Осында жүргенімнің кесірінен аяулы сөздерімді белгілі бір алшақтық құшағында шаң көміп барады. Бәлкім олар менен тез, өзімнің жылы орнымнан қозғалдым дегенше бағыттарын өзгертіп үлгерулері мүмкін ғой. неге өзіммен ала келуім керек екенін және білмеймін. Мүмкін өзімді әкетпесін дегенім шығар? Мүмкін олар бұдан хабардар? Олар менен басқаның бәрінің сөздеріне құмар, ал мені олармен шатастыру өте қисынсыз. Олар –өзгеше. Қарапайым себеп, олар-өзгеше. Менің сөздеріме осы да жетіп артылады. Орындамайтын дүниелерімнің көшін, түсінік бермеу бастап келеді. Өзгелерге, тек өзгелерге, тек маған емес, ай, менің тәп-тәтті сөздерім. Уысыма түскеніңде ғой, олар секілді менде алақаныма салып аялап, төбеме көтерер едім. Бірақ сөздерім менің қолым жетпейтін орынды артық көрді.

Олар қашан менен жай ғана кетіп қалады екен? Жан сарайымды тыныштық билеуі үшін, кеткендері абзал. Ол сәт қашан туады? Сөздерімді құшырлана жұтқан сайын, ол маңайдан дауыс та қатқыл шығуда. Менің ғана емес, барлығының аузынан түспейді, айтары солар. Біртіндер барлығын қараңғылық құрсауына беретіндейміз. Осыған бола есімнен танудан аулақпын. Түнек пен қою түн құрсауына беттеген сөздерімнің соңынан, бейне теңізге орнатылған шам-шырақ сынды кезекпен кезек біресе ананы, мына жерді қараңғылыққа жұтқызып, қалжыраған жүзіммен көз алмай қарап қаламын. Сол сәуле теңізде ойнаған асау толқын ішінде бағытын адаспай тапқысы келгендерге қол ұшын берер ойы жоқ. Сөздерімді қанша сөндіруге тырыссам да, олар қайта лаулап сала береді. Қаншама механиканың көмегіне жүгінсем де, оттықты ең төмен режимге салғанымнан да, балалық шағымдағы шіркеудегі отты ауыздықтағандай, қақпақшамен тұмшалағаннан да түк өнер емес, керісінше оның бойын оттегі көбірек сұрана түскендей. Мен өз-өзімді әсіре жақсы танып, ішкі тылсым әлемім не қалайтынын білмесем де, білерім менің бақшамда піспеген әрекеттер,оны ләззатқа кенелтетін мейлі өзге ортада болсын, әйтеуір сол аймақта қолы жетуі, жан дауысын рахаттана мына шексіз ғаламға қаңғытып жібере алатыны. Менен бойын алы салу үшін дауыстарын үстемелете, барынша бастырмалата беретінін білемін. Олар өзге адамдарға өздері құсап бар дауысқа салып горнда сырнайлап, кернейлетуді талап етеді. Олар мен жақын келмесін деп жан дауысқа салады. Ешкім ешкімнің шекарасына жақын келмей-ақ та қойсын. Ытқып кеткен сөздің айтқың келген сөздің етегіне оратылмағаны ләзім. Өз сөзіңе тым жақын келу ол көңіл бөлдірту болуы мүмкін. Әлбетте олар өздері жайлы іркілместен бөтен біреу естіп қалмасын дегендей барынша құлақ тұндырар айқаймен, осының бәрін кім сыбырлап отырғанын жайып салуы ғажап емес. Тіпті сөздер кейде мені жақындатпау үшін уәдемен баурап алуға тырысады. Алыс кетуім үшін аспандағы айды әперуге бар. Миллиондаған адамдарға иектеуге болады да, ал маған жоқ! Бәрі менікі емес пе еді? Сіз бұған не дейсіз? Мен сізге не дерімді де білмеймін. Сөздер өздерінің түп-төркінін ұмыта бастағанға ұқсайды. Басқаш түсіндіруге келмейді. Бір кездері олар қанаты қатаймаған еді. Буыны бекіп, бұғанасы қатты дегенге әлі сене алмаймын, оны жазу да қиын. Мен оларды зорға ажыратамын! Дәл о-о-о-о-осындай кездерінен бес саусағымдай білуші ем. Сол шақтарда олар менің үрпек ауыз балапанарым болғанда, бәрі басқаша-тын, тіршілік бұндай мазасыз емес болатын. Кенет олар есейіп сала береді. Енді олар менің қауырсын қанатымның астына да сыймайды. Жоқ, олар есеймеді, тек үлкейді, менің қамқорлығымнан, менің күтімімнен әлі кете қоймаса да, енді жұбатумен ешкімді тізгіндеу мүмкін емес. Өзінің жаңғырығы өз дауысын торлап, кімде-кім одан асып түссе буындырып өлтіруге бар. Менің сөздерім аспан төсіне әуелейді. Бұны тыңдау сізге әлбетте ұнай қоймас! Мен бұлармен мақтанбаймын, сеніңіз! Баал күндерінде дәл осындай тыныш болып ержетсе дейтінмін. Ештеңені де қапсыруға қауқарсыз. Ия, сөзді оңды-солды ағыта салы мүмкін, бірақ қолына ұстап қала алмайды. Мені тастап кеткендерімен, олардың тұзағында қала беремін. Мен-зынданымды күзеткен сөздерімнің жай ғана тұтқынымын. Бір қызығы, олар мені торуылдамайды да! Маған бек сенетін сыңайлы. Қашып кетпесімді білгендіктен, өздері бас сауғалай аламыз деп сенеді. Әне, қараңыз, дүниеден озғанына біраз болған адам менің құлақ шекемді жеп барады. Бүгінгі кезеңде өлілерге өздерінің меңіреу үндерімен сөзге келуге әбден болады, менің сөздерім мені көзге ілмегендіктен олар менімен сөйлесуден тартынбайды. Бақыламайды-өйткені бұған қажеттілк шамалы. Бірінші мүмкіндік туа қалғанда табанын жалтыратқылары келгенімен, мені жоғалтпайды. Мен әрдайым олардың құзырындамын, олар болса саусақтарымның арасынан сусып кеткендей. Бірақ мен қаламын. Тарихтың тарамыс жүзіне түскенді ақынның келбетінен көруге болады. Қалғанының бәрі ғайып болады. Көкке самғаудан бас тарту керек. Ешқандай тіршілік иесі ұшып көктен түспеген, жоқтан бар жасаған ешкім жоқ. Егер бейсаналы түрде кезегі келмегені бұл жерде қалуға тырысса, ең маңызды сөздер буланып сала береді. Олар өздеріне жаңа қожайын іздеп кетті дей беріңіз. Қалуға құқылының бәрі ізім-ғайым жоқ болады. Қалай болғанда да, ол мұнда ендігәрі жоқ. Қайтсем екен...

Аударған: Айгерім Серікбай

Runa academy

0 Пікір Кіру