Сезімге алданған ару - на woman.bugin.kz
Камал Ұзақов - на woman.bugin.kz Камал Ұзақов

Оқиға

Қазір таңда əлеуметтік желі деген белең алды ғой. Əлеуметтік желілерге кірмесек, бірдеңе жетпей тұрғандай көрінеді. 

Жексенбі.

Кешке телефон шұқып шəй ішіп отырған едім, дос қызым телефон соғып, "көңіл-күйім жоқ, біраз əңгімелессек..." деді.

"Жарайды" дедім.

Үйдің қасындағы кішігірім тамақтанатын жерге бардық.

Бір-екі минуттай үнсіз отырды да əңгімесін былай бастады:

"Әрине, өзгелердің беріп жатқан ақылы үшін рахмет. Бірақ адамның қандай екенін танып білу үшін сөйлесіп танысамыз. Ал жұп екенмін деп жабысып, болмаса, басқалармен таныспа деп айтпаймын. Әркімнің өз қалауы бар. Whatsapp-та кез келген адаммен сөйлесе беруге болады ғой. Шынымен жұптарын тауып үйленіп жатқандар да бар. Барлығына бақыт тілейміз. Ал, біз енді жас бала емеспіз...

Сөйлесе келе, мүмкін кездесе келе, кімнің кім екенін тануға болады.

Не десе де, сезіммен ойнаған дұрыс емес. Жарайды, қызды алдады, ойнады дегеннің өзінде қыз не істесін... Қиналар, ұрсысар, кетер, бірақ ер адамға үлкен сын!

Сондықтан əлеуметтік желіде сөз айтқан адамның сөздеріне сеніп бауыр басу қажет емес.

Кез келген адам сынап көреді: жар болуға лайық па, жоқ па деп.

Мына қыз қалай екен деп қарайды. Өзіміз де солай ғой, жасырмаймын.

Сөз айтқан адам болса, бірнеше күн сөйлесемін, сынаймын. Ұнамаса тура айтамын, ренжіме, дос болып қалайық деген сияқты. Сондықтан жігіттер де көп лапшаны іле бермей сезімге жауапты қараса екен.

Ал қыздарға сезімге көп беріле беруге болмайды.

Мен ол жігітпен сөйлесіп көремін, сөйлесіп жүрміз жасырмаймын... Ары қарай не боларын болашақ көрсетер. Біз жабысып қалдық, ой сөйтеміз, бүйтеміз деп айтпаймын. Себебі болашақ түгілі бес минуттан соң не боларын білмейміз", - деп тағы да біраз үнсіз отырды.

Ары қарай не болғанын білгім келіп, сөз қозғамақ болып едім, көңіл-күйі болмай, көзінде мұң бар сияқты болғасын үнсіз ғана тыңдап отырдым. 

10-15 минутта бүкіл өмірін айтып бергендей болды.

Ең соңғы түйіндеген сөзі мынау болды:

"Қызды алдап қармағына түсіру үшін жігіттер түрлі айла қолданады. Олар неге қазақ қыздарын өз əпкесі, өз қарындасындай көрмейді екен а? Тек қана жігіттер емес, қыздар да бар ғой өтірігін шындай көрсетіп жүрген", - деп сөзін аяқтады.

Иə, əлеуметтік желідегілер былай тұрсын, шындығына келсек, өмірде көріп жүрген адамдарға сенудің өзі қиындау болып қалды.

@ К.Ұзақов

0 Пікір Кіру